Фактчек | Қытайдағы жаңа коронавирус

2019 жылдың желтоқсанынан бастап Қытайда 2019-nCoV қауіпті коронавирусы тарай бастады.

23.03.2020 Материал енді жаңартылмайды. Коронавирусқа қатысты барлық материалды сайттағы “іздеу” батырмасына “коронавирус” немесе “covid-19” кілтсөздері арқылы таба аласыздар.

19.03.2020 — Алматы мен Астанада карантин басталды.

Алматы мен Астанада карантин басталып, 27 блокпост қойылды. Қалалардан шығуға және кіруге шектеу бар. Блокпосттар картасын төменнен қараңыз.

Фактчек | Қытайдағы жаңа коронавирус

Алматы полиция департаментінде Call-центр іске қосылды – 2544007, бұл жерде азаматтардың өтініштері мен шағымдары қабылданып, шұғыл шара қолданылады.

Алматыда 11 ауру ошағы тіркелді. Әзірге нақты ақпарат жоқ. Желіде таралған ақпараттың шындыққа жанаспайтындығы айтылды.

18.03.2020 — Вирус Қырғызстанға да жетті

  • Қырғызстан алғашқы үш адам туралы мәлімдеді.
  • Ертеңнен бастап Алматы мен Астанада карантин енгізіліп, азаматтардың қозғалуына шектеу қойылады.
  • Карантинге байланысты Алматы әкімі Сағынтаев пен астана әкімі Көлгінов тұрғындарға үндеу жасады. Қос әкім халықты сабыр сақтауға және аурудың таралмауына атсалысып, үйде қалуларын өтінді.
  • Алматыда масканың бағасы тұрақталып, оларды арзан бағамен сататын дәріханалар тізімі жарияланды.

16.03.2020 — ҚР тарихындағы алғашқы республикалық ТЖ, Өзбекстандағы карантин.

Вирус Орталық Азиядағы сапарын жалғастыруда. Ондаған ауру тіркеліп, Өзбекстан шекарасын жапты.

Қазақстандағы ТЖ

Өзбекстандағы карантин

Өзбекстан карантин режимін енгізіп, бірқатар шектеулер мен тыйыс жұмыстарын бастады. Барлық білім беру ұйымдарын онлайн режимге ауыстырып, мектеп оқушыларын демалысқа жіберді.

15.03.2020 — Қазақстанда ТЖ жарияланатыны туралы хабарланды

16 наурыз бен 15 сәуір аралығында ҚР аумағында ТЖ жарияланды.

  • Тоқаев жарлығына сай арнайы комиссия құрылып, оны А. Мамин басқаратын болды.
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 8 адам болды.

13.03.2020 — Коронавирус Қазақстанға да келді.

Е. Біртанов Қазақстанда коронавирус жұқтырған алғашқы дерек туралы мәлімдеме жасады.

12.03.2020

  • 11 наурызда ДСҰ коронавирусты пандемия деп жариялады.
  • Қазақстанда барлық көпшілікке арналған шаралар тоқтатылды. Жоғарғы оқу орындары онлайн режимге, оқушылар демалысқа жіберілді.
  • Әзірге КВИ Қазақстанда жоқ.

04.03.2020

  • КВИ кесірінен Қазақстан Иран мен Әзірбайжан кемелеріне қызмет көрсетуді тоқтатты.
  • СІМ қазақстандықтың коронавирус жұқтырғанын жоққа шығарды.

03.03.2020

  • Фейктер жарық жылдамдығымен таралуда. Көптеген адам жалған ақпаратқа алданып, фейк құрбаны болуда.
  • Әлемде 92 мың адам тіркеліп, 3131 адам қайтыс болды, 48190 адам аурудан айықты.

АПДЕЙТ 28.02.20 | коронавирусқа қатысты жаңа фейктер

  • БАҚ Джеки Чан коронавирус жұқтырды деген ақпарат таратты — Артынан бұл фейк екені анықталды.
  • Қытайлықтар жаппай ислам дінін қабылдап жатыр деген ақпарат тарады. Бұл -жалған.

АПДЕЙТ 22.02.20

АПДЕЙТ 19.02.20

АПДЕЙТ 14.02.20

  • Ауру жұқтырғандар — 64447, қайтыс болғандар — 1384, айыққандар — 7116 адам.
  • IFCN фейтермен күресін жалғастыруда. 14 қаңтарда 400 материал он бес тілде жарық көрді. Оның ішінде қазақ тілі де бар.
  • ДДСҰ Женевадағы штаб пәтерінде сарапшылардың кездесуі болды. Вирустың таралуы мен оның қауіпі жайлы айтылып, вирусқа COVID-19 деген ресми атау берді. Енді барлық зерттеулер мен баяндамаларда, құжаттарда дәл осы атау жазылуы тиіс.

АПДЕЙТ 10.02.20

АПДЕЙТ 08.02.20

АПДЕЙТ 04.02.20

  • 20680 адам ауру жұқтырып, 427 адам дүние салды және 723 адам жазылды.
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғанда жоқ. Қытайдан келгендер оқшауланған.
  • 94 ауруханаға жатқызылды, оның 61-і стационарда, ал қалғаны дәрігерлердің бақылауында.

АПДЕЙТ 03.02.20

Бүгінгі күннің деректерін төмендегі суреттен көре аласыздар.

Фактчек | Қытайдағы жаңа коронавирус
3 ақпандағы деректер
  • Қазақстанда ауру жоқ. Бірақ жалған ақпарат таратып, ұсталғандар бар.

АПДЕЙТ 02.02.20

  • Аурудан айыққандап саны(348) қайтыс болғандар санынан асты(305). 14628 адам вирус жұқтырған.

АПДЕЙТ 01.02.20

АПДЕЙТ 31.01.20

  • 9776 адам вирусты жұқтырды, 273 адам қайтыс болды, 187 адам аурудан айықты.
  • Қытайда 2 күнде жаңа аурухана салынғаны рас па?
  • ДДСҰ коронавирустың тарауына байланысты төтенше жағдай жариялады.
  • Алматы полицейлері вирус туралы жалған ақпарат таратқан дәрігерді ұстады.
  • Қазақстанда коронавирус жұқтырғанда жоқ.

АПДЕЙТ 30.01.20 // Вирусқа қатысты жаңа материалдар

Әлемде

Қазақстанда

  • Вирус жайында ақпарат таратқаны үшін Қапшағайда жедел жәрдем жүргізушісі ұсталды.
  • Қазақстан Қытаймен көлік қатынасын тоқтатты.

АПДЕЙТ 29.01.20 // 28 қаңтардағы дерек бойынша ауру жұқтырғандар 6027, қайтыс болғандар – 132, емделгендер 110 адамға жетті.

Соңғы мәлімттер бойынша, вирустың жаңа түрін 2700-ден аса адам жұқтырып, 80-ні өліммен аяқталған (төмендегі инфографиканы қараңыз).

Ауруды жұқтырған алғашқы адам 8,5 миллион тұрғыны бар Хубэй провинциясының астанасы – Ухань қаласында тіркелді. Қазіргі уақытта ауру ҚХР 30 провинциясынан (автономды аудандар мен муниципалитеттер), Ішкі Моңғолия, Шэньси, Ганьсу және Синьцзяннан (Қазақстан мен Қырғызстанға жақын аудан) анықталды. Сонымен қатар Жапония, Корея, Сингапур, Таиланд, АҚШ пен Вьетнамда ауру жұқтырған адамдар тіркелді.

Әлеуметтік желілер  мен мессенджерлерде жұғу жолы мен салдары туралы тексерілмеген, кейде фейк екені анық ақпараттар тарап жатыр.

Еуразия фактчекерлер желісінің (EFCN) редакция-мүшелері Factcheck.kg, Factcheck.kz және Factcheck.tj әлеуметтік желілерде тарап жатқан ақпаратты жинап, тексерді. (Матриал толықтырылып жатыр).

Вирус Алматыға жетті

Үкім: Фейк

Әлеуметтік желілерде Қазақстандағы алғашқы науқас бейнеленді-мыс видео тарап кетті.

«Коронавирус Алматыға жетті», – делінген видеоға берілген анықтамада. Онда арнайы киімдегі адамдар оқшауландырылған адамды зембілге салып әкетіп бара жатқаны бейнеленген.

Шын мәнінде, оңтүстік астанада коронавирусқа қатысты оқу-жаттығу өтті. Видео соның сценарийі ғана.

«Талдықорған жұқпалы аурулар емханасында оқу-жаттығу өтті. Қауіпті вирус жұқтырған адамды ауруханаға қалай жатқызу керектігі үйретілді. Алаңдауға себеп жоқ. Бұл оқу-жаттығу ғана», – деп мәлім етті Алматы облыстық әкімдігі tengrinews.kz-ке.

«Алматы әуежайындағылар оқудан өтті (сол жерде түсірілген фотолар фейктің таралуына себеп болды, оқу-жаттығудың өзі БАҚ мен әлеуметтік желілерде көптеген кликбейт тудырды). Сценарий бойынша, диспетчерге Қытайдан ұшып келген ұшақ бортында коронавирус белгілері бар жолаушы отырғанын хабарлайды. Оның дене температурасы жоғары, жөтел бар және жағдайы нашар. Оған қоса бортта 150 жолаушы мен 8 экипаж мүшесі бар. Оқу-жаттығу сәтті өтті» (Informburo.kz репортажы).

Дегенмен, репортаждан алынған фотолар Тәжікістан азаматтарына бағытталған фейк коллаж бен кликбейт мақаланың туындауына себеп болды.

Фактчек | Қытайдағы жаңа коронавирус

Орыстілді БАҚ-тан көшірмелер жинайтын ittiloot.com күдікті ресурсында екі адамның қаза тапқаны туралы айтылған. Тәжік тіліндегі сайтта ақпарат аз және коронавирус туралы мәлімет жоқ. Біз бұл ақпаратты тексеріп жатырмыз.

27 қаңтар күнгі мәлімет бойынша, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістандағы ауру жұқтырды деген ақпараттың барлығы – жалған. Дегенмен, қауіп бар болғандықтан қауіпсіздік шаралары қолданылуда.

Жұқпалы аурулар емханасына алғашқы науқас жеткізілді

Үкім: Жалған

Қазақстан мен Қырғызстан мессенджерлерінде жұқпалы аурулар емханасына (Бішкек пен Алматыдағы) коронавирус жұқтырған алғашқы адам жеткізілгені туралы хабарлама тарап жатыр.

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - agLUizU_8s5pMEReMwgX1OrdjUm2VK96lD-uwhVgK-fv4-nLZ5sBCf2NIOMhowEwiYezUTzAr3v3115twYgtU53blBDrDTvDuhJ3VsAD2feCnL6oIlzUDbSO_JU6I3C-CIi7ot6L

Бішкек Жедел медицина орталығы жан сақтау бөлімшесінің меңгерушісі Егор Борисов ақпаратты теріске шығарып, оның скриншотын әлеуметтік желіге салды.

Қазақстан мен Қырғызстанның денсаулық сақтау министрліктері де коронавирус жұқтырғандар туралы ақпаратты жоққа шығарды. Елімізде әзірге, ресми коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген жоқ. Осындай алып-қашпа әңгімелер Тәжікістанда да тарап жатыр. Ол жақта да расталған жоқ.

Қырғызстанға ауру жұққан ет әкелінді

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қырғызстанға ауру жұққан ет әкелінгені туралы хабарлама тарап жатыр. Хабарламаның мазмұны мынадай:

Құрметті отандастар! Бішкекке Қытайдан 140 тонна контрабандалық ет әкелінді, оның 70 тоннасы ұсталды. Сараптама нәтижесі бойынша, ол ненің еті екені анықталмады. Сараптама қорытындысы құтыру спораларын анықтады. 70 тоннасы фастфуд сататын орындарға тарап кетті. Гамбургер мен фарш сатып алмаңыздар.

Хабарламаны 2020 жылдың 20 қаңтары күні Қырғызстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық инспекциясы жария етті-мыс.

Тағы бір тараған ақпаратта «2019 жылдың желтоқсан айында Қырғызстанға Хенань провинциясынан (Қытайдың орталық бөлігінде орналасқан, коронавирус жұқтырғандар анықталды) 48 тонна тауық еті әкелінді. Тексерістен өткеннен кейін ет дүкендер мен базарларға жеткізілді». Автор Хенань қаласы коронавирус жұқтырған алғашқы адам тіркелген Ухань қаласынан 500 километр жерде екенін атап өткен.

Үкім: Фейк

Мемлекеттік ветеринария инспекциясы бұл мәліметтерді теріске шығарды. «Бұл шындыққа жанаспайтын фейк ақпарат. 2020 жыл басталғалы бері ҚР аумағына Қытайдан тауар келген жоқ», – деп атап өтті мекемедегілер.

Шанхай туралы фото мен видео

Әлеуметтік желілерде шанхайдан фото мен видео тарап жатыр. Төмендегі суретте маска таққан және қалқан ұстаған әскери қызметшілер бейнеленген.

Дегенмен сурет бойынша іздеу арқылы фотоның Қытайда жасалмағанын анықтадық. Фотоның алғашқы дереккөзі – корей форумдары.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде мамандардың түнде Шанхайдағы метроны өңдеп жатқан видеосы тарады.

Видеоға қосылған жазба: «Түн ішінде де 818 шанхай метросын дезинфекциялап жатыр, мұндай өңдеу енді күн сайын болады». Әлеуметтік желілер мен БАҚ-да Шанхай көшелерінде дезинфекция жүріп жатқан басқа да видеолар жарияланды.

Қорытынды: Шанхайда түсірілген фото мен видеолар – фейк емес.

Контекст

Коронавирус деген не?

2019-nCoV-вирусы қазіргі күнге дейін адамнан адамға берілмеген вирус түрі.

  • Коронавирустар  — құрамына 38 вирус түрі енетін тұқымдас, олардың алтауы ғана (жаңа вирусты қосқанда жетеуі) адамға зиян келтіреді.
  • Зерттеушілердің айтуынша, вирус адамдарға жануарлардан жұққан, бірақ адамнан адамға беріле алады.
  • Алғашқы белгілері: температураның көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы.
  • Адамдарға жануарларға жақындамауға, шикі ет пен жұмыртқадан аулақ болуға, сонымен қатар суық тию немесе тұмау белгілері бар адамдардан алыс жүруге кеңес береді.

Қаза тапқандар саны қанша? Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің ресми мәліметтері

Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметі бойынша (27 қаңтар, 11:00) Қытайдың 30 провинциясында коронавирус жұқтырған 2744 адам тіркелді. Олардың 481-і ауыр хәлде. 80 адам мерт болды. Қазіргі күні 32 799 жақын қарым-қатынаста болғандар қадағаланып жатыр, 583-і сол күні-ақ медициналық бақылаудан босатылды, және 30 453 адам медициналық тексерістен өтіп жатыр.

Жалпы алғанда, ауру жұқтырғандар Гонконг, Макао және Тайваньда тікелді: Гонконгтың арнайы әкімшілік ауданында 8 жағдай, Макаоның арнайы әкімшілік ауданында 5 жағдай және Тайваньда 4 ауруды жұқтыру оқиғасы расталды.

Сонымен қатар, басқа елдерде де ауру жұқтырғандар анықталды: Таиландта – 7, Жапонияда – 3, Құрама Штаттарда – 3, Въетнамда – 2, Сингапурде – 4, Малайзияда – 3, Непалда – 1, Францияда – 3 және Аустралияда – 4.

Қытайдың Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы есебін сілтемеге өтіп көре аласыздар. Мәліметтерді қытай тілінен аудару үшін Chrome браузеріне кіріктірілген google аудармашыны пайдануға болады.

Жаңарып отыратын датасетті сілтемеден бақылаңыз

Фактчек | Қытайдағы жаңа коронавирус

Халықаралық көзқарас

Женевада (Швейцария) 22 қаңтар сәрсенбі және 23 қаңтар бейсенбі күндері жаңа 2019-nCoV коронавирусы тудырған пневмонияға қатысты Халықаралық медициналық санитарлық ережелер аясында Төтенше жағдайлар комитетінің жиыны өтті. Комитет құрамына 15 елдің өкілдері кіреді: Франция, Ресей, Қытай, Нидерланды, Таиланд, Жапония, Корея, Сингапур, АҚШ, Сенегал, Канада, Австралия және Сауд Арабиясы.

«Бүгін мен халықаралық маңызы бар қоғамдық денсаулық сақтау саласында төтенше жағдай жарияламаймын. Бұл Қытайға ғана қатысты төтенше жағдай, ол әлі жаһандық мәселеге айналған жоқ», – деді ДДСҰ бас директоры  Аданом Гебрейесус екікүндік төтенше жиын қорытындысы бойынша.

«Бізде бұл вирустың қайдан шыққаны туралы ақпарат жоқ, қалай тез тарап жатқанын түсіне алмай жатырмыз және оның клиникалық ерекшеліктері әлі толық зерттелген жоқ.Біз аурудың күрделі дертке шалдықтыратынын және өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін білеміз, дегенмен, көп адамдарда оның жеңіл белгілері кездеседі», – деді дәрігер Тедрос.

«Біз қаза тапқандардың көпшілігінде гипертония, диабет немесе жүрек-қан тамырлары аурулары болғанын және олардың иммундық жүйесін әлсіреткенін білеміз», – деді ДДСҰ басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус.

Шанхайдан хабар

Дезинфекция туралы видеоны көргеннен кейін Factcheck.kg редакциясы оқиға орнынан ақпарат алу үшін Шанхай қаласының тұрғыны Сарбанова Жаннатпен байланысқа шықты.

F.: 2019 жылдың желтоқсан айынан бастап БАҚ-да Қытайда тараған ауру туралы ақпарат шыға бастады. Кейінірек, ауруға себеп болған бұрын анықталмаған коронавирус түрі екені белгілі болды. Соңғы аптада медиа кеңістікте осы вирус туралы көптеген ақпарат тарады. Біз ақпарат ағынының ішінде сенімсіз мәлімет текездесіп, оның түрлі салдарлары болуы мүмкін екенінен, мәселен, халықтың үрейін туғызады деп қауіптенеміз. Біз сізден Шанхайдағы жағдай туралы сұрағымыз келді. Қытай қаласының тұрғыны ретінде үрейді сезініп жатсыз ба?

С.Ж.: Қаладағы жалпы жағдай бірқалыпты. Ресми билік қоғамдық орындарға баруды шектеп және сапарларды тоқтата тұруды және т.б. сұрап жатыр. Шанхай тұрғындары жұмысқа барады, тіпті балалармен бір-бірінің үйіне қонаққа барады, тек үйден көп шықпауды сұрайды. Әуежайға 4 сағат бұрын келіп, анализ тапсыру қажет. Сонымен қатар, қазір Қытайда жаңа жыл. Көптеген тұрғындар жан-жаққа кетті, сол себепті қалада адам аз, жалпы жыл сайын қытай Жаңа жылын тойлайтын кезде осылай болады. Дүкендер қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, ешқандай тексеріс жоқ. Жалғыз қиындық тудырғаны – медициналық маска таба алмай жатырмыз, сайттардан тапсырыс бере алмаймыз, олар жаңа жылдық мерекеге кетті. Бірақ, Уханьдағы жағдай басқаша. Менің білуімше, олар уақытша вокзал мен әуежайды жауып тастады. Шанхайда бәрі тыныш.

F.: Қытайлық БАҚ осы вирусқа қатысты не жазып жатыр немесе сіздің басқа да сенімді дереккөздеріңіз бар шығар?

С.Ж.: Қытайдың денсаулық сақтау министрлігі сайтында Қытайдағы және әлемдегі коронавирусқа қатысты жағдай күн сайын жаңарып отырады. Менің күйеуім Қытай Денсаулық Сақтау Министрлігі ұсынған ақпаратты күн сайын қарап отырады.

F.: Ухань қаласында не боп жатыр?

С.Ж.: Меніңше, Ухань қаласын ешкім білмей, Шанхай мен Бейжіңді білгендіктен, алғашқы науқас адамдар тіркелгеннен кейін Шанхай мен Бейжіңде көп адам ауру жұқтырды деген ақпарат тарады. Олай емес. Уханьдағы жағдай басқа. Қала тұрғындарының қаладан кеткісі келеді. Олар тек автокөлікпен кете алады. Ондағы автожолда түрлі келеңсіздіктер орын алып жатыр. Көпшілігін шығармайды, тексеріс ұзақ, сол себепті автожол толып қалған. Ал Уханьға ешкім бармайды, ол жақтағы жол бос. Тек Уханьда ғана науқастар көп, басқа қалаларда 2-3 адамнан ғана. Мен сіздерге жоғарыда айтып өткен ресми мәліметтерді негізге алу керек. Компартия бірнеше рет телеарналарға шығып, нақты мәліметтерді берді. Олар қазір Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында бар.  Олар тезірек аурудың тараған көзін тапқысы келетінін және барлық ақпараттың ашық және қолжетімді болғанын қалайтынын айтты.

F.: Қытайлық БАҚ не деп жатыр немесе вирустың шығу көзіне қатысты ресми мәлімет бар ма?

С.Ж.: Бұған қатысты желілерде түрлі қауесет тараған. Біреулер 2003 жылғы, 80-жылдардағы мәліметтерді негізге алып ауру жарқанаттан тарады дейді. Шын мәнінде, ол әлі анықталған жоқ. Уханьдағы «балық базары» деп аталатын бұл сауда орнында бәрі сатылатын: қояндар, түйе, қырғауыл, маймылдар. Барлығы бір жерде сатылды, нақтырақ айтқанда жабайы жануарлардың еті. Сол себепті, аурудың неден тарағаны анықталса, Денсаулық Сақтау министрлігі бірден хабарлайды. Содан кейін, вирустың таралуын тоқтату мүмкін болады. Шанхайда вирус жұқтырған екі адам анықталғанда тротуарларға, және оның маңындағы ағаштарға антибиотиктер шашты. Және әдеттегідей, көбірек жылы су ішуге, қоғамдық орындарға бармауға, барған күннің өзінде маска тағып, көшедегі жануарлармен байланыспауға, жалпы жеке гигиена талаптарын орындауға кеңес берді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz