Жалған | Жириновский: «Қытайлар Қазақстан арқылы өтіп жатыр»

Ресей депутаты және РЛДП партиясының көшбасшысы, өзінің даулы әрекеттерімен танылған Владимир Жириновский жақында коронавирустың таралу қаупіне байланысты РФ мен Қазақстан арасындағы автожолдарды жабуды талап етті. Regnum ИА мәліметі бойынша Владимир Вольфович былай деп мәлімдеді:

«Шекараны жаптық – жақсы, үкіметтің бағыты дұрыс, біз қолдаймыз. Бірақ бір үлкен «тесік» қалып кетті: қытайлар күні-түні Қазақстан тасжолдары арқылы автобуспен өтеді.

В. Жириновский

Үкім: Жалған

Қытайлар жабдықтаған, коронавирус белгілерінің болуы мүмкін, Қазақстан жолдарын кезіп жүрген автобустар Владимир Вольфовичтің бай қиялының бірі ғана.

Владимир Жириновский Қазақстанда туып, осында 20 жылға жуық өмір сүргеніне қарамастан туған жері туралы жаңалықтарды бақылап отырмайтын тәрізді. Қазақстан билігі бір апта бұрын қауіпсіздік шарасы ретінде Қытаймен транспорттық байланысты тоқтатқан болатын.

Коронавирустың таралуын болдырмас үшін ҚР Үкіметі жанындағы Мекемеаралық комиссия мынадай шараларды жүзеге асырды:

  • 2020 жылдың 29 қаңтарынан ҚР мен ҚХР арасындағы автобустық жолаушылар тасымалын тоқтатты;
  • 2020 жылдың 1 ақпанынан бастап ҚР мен ҚХР маршруты бойынша жүретін жолаушылар пойызын тоқтатты;
  • 2020 жылдың 3 ақпанынан ҚР мен ҚХР арасындағы әуе байланысын тоқтатты.

Сонымен қатар ҚХР азаматтарына қазақстандық әуежайларда электронды виза берілмейді және Қазақстан қалалары арқылы транзитті ұшу үшін берілетін 72 сағаттық визасыз режимді тоқтатты.

Одан бөлек, еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің хабарлауынша, 4 ақпаннан бастап ҚХР-мен тікелей байланыс тоқтатылды. «Қытай шекарасынан жүктер мен ресми делегация шенеуніктері ғана өте алады. Оларды екі мемлекет билігі де тепловизор арқылы сканерден өткізеді», – деп атап өтті.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елге келген жолаушыларды тексеру нәтижесіне қатысты өткен баспасөз конференциясы кезінде есеп берді:

«6 қаңтардан бастан Қытайдан келгендердің барлығы теплометрия арқылы тексерістен өтіп жатыр. Қызуы бар адамдар сауалнама толтырып, тұрғылықты жері бойынша есепке алынды»

Е. Біртанов

Біртановтың айтуынша, қаңтардың аяғындағы мәлімет бойынша, Қазақстанға Қытайдан 25 858 адам келді, Олар Қазақстанның және басқа елдердің азаматтары.

Қазақстанда коронавирус жұқтыру оқиғасы әзірге тіркелген жоқ.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz