«“MediaNet” Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қорының https://factcheck.kz сайты (Бұдан әрі — Қор) интернет-эквайрингке қосылған, яғни, сіз VISA немесе Mastercard банк карталары арқылы жәрдем бере аласыз. Аударатын қаражат сомасын көрсеткен соң, TipTop pay процессинг орталығының төлем туралы қорғалған терезесі ашылады. Сол жерге банк картаңыздың деректерін енгізу қажет. Карта иесін қосымша аутентификация үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады. Егер эмитент-банкіңіз бұл технологияға қосылған болса, сізді қосымша идентификация өту үшін басқа серверге жібереді. Қосымша идентификацияның ережелері мен қосымша әдістері туралы сізге банк картасын берген Банктен нақтылай аласыз.
Онлайн-төлем қызметі VISA және MasterCard Халықаралық төлем жүйелерінің ережелеріне сәйкес төлем жасау үшін құпиялылық және қауіпсіздік принциптерін ұстана отырып жүзеге асырылады. Ол үшін тексерістің, шифрлеудің және байланыстың шабық каналдары арқылы ақпарат таратудың ең жаңа әдістері қолданылады. Банк картасының деректерін енгізу TipTop pay төлем парақшасындағы қорғалған терезеде жүргізіледі.
Төлем парақшасына карта нөмірін, карта иесінің аты-жөнін, картаның жарамдылық мерзімін, үш таңбалы қауіпсіздік кодын (VISA үшін CVV2 немесе MasterCard үшін CVC2) енгізу қажет. Қажет ақпараттың барлығы банк картасының сыртында тұрады.
CVV2/ CVC2 — бұл картаның артқы жағында тұратын үш таңбалы қауіпсіздік коды.
Одан кейін тура сол терезеде 3-D Secure код енгізу үшін эмитет-банктің парақшасы ашылады. Егер сізде 3-D Secure орнатылмаған болса, ол сіздің телефон нөміріңізге SMS арқылы жіберіледі. Егер 3-D Secure келмеген болса, эмитент-банкке жүгіну керек.
3-D Secure — желіде, интернетте картамен қауіпсіз төлем жасау үшін қажет ең заманауи технология. Ол операцияны карта иесінің жасап жатқанына көз жеткізіп, картамен жасалатын алаяқтық операциялар қаупін барынша азайтуға бағытталған.
Қауіпсіздік кепілі
TipTop pay процессинг орталығы сіздің банк картаңыздың деректерін PCI DSS 3.0 қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Төлем шлюзіне ақпарат жіберу SSL шифрлеу технологиясын қолдана отырып іске асырылады. Ақпаратты одан әрі беру жабық банк желілері арқылы жүргізіледі. TipTop pay картаңыздың деректерін бізге және үшінші тараптарға жібермейді. Карта иесін қосымша аутентификациялау үшін 3-D Secure хаттамасы қолданылады.
Жасалған төлем бойынша сұрақтарыңыз болса, [email protected] электронды поштасы арқылы төлем сервисі клиенттерін қолдау қызметіне жүгіне аласыз.
Онлайн-төлемдердің қауіпсіздігі
Сіз ұсынған жеке ақпарат (аты-жөні, мекенжайы, телефон, e-mail, несие картасының нөмірі) құпия саналады және жариялауға жатпайды. Несие картаңыздың деректері тек шифрленген түрде беріледі және біздің Web-серверде сақталмайды.
Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне “TipTop Pay Kazakhstan» ЖШС кепіл болады. Төлем карталарымен болатын операциялардың барлығы VISA International, MasterCard және басқа да төлем жүйелерінің талаптарына сай жүзеге асырылады. Ақпаратты жіберуде онлайн-төлем жасау қауіпсіздігінің арнайы технологиялары қолданылады. Деректерді өңдеу процессинг компанияның жоғары технологиялық серверінде жүргізіледі.
Банк карталарымен төлем жасау қауіпсіз, себебі:
- Авторизация жүйесі сатып алушыға оның картасының төлем реквизиттерінің (нөмір, жарамдық мерзімі, CVV2/CVC2) алаяқтардың қолына түспейтініне кепілдік береді, себебі бұл деректер авторизация серверінде сақталмайды және қолды бола алмайды.
- Сатып алушы төлем деректерін интернет-ресурс сайтында емес, бірден CloudPayments авторизация жүйесіне енгізеді. Сәйкесінше, сатып алушы картасының төлем реквизиттері үшінші тұлғалардың қолына түспейді.
Қаржыны қайтарып алу
Банк карталары арқылы онлайн-төлем жасаған кезде оны қолма-қол ақшамен қайтарып алуға жол берілмейді. Қайтарып беру тәртібін халықаралық төлем жүйелерінің ережелері реттейді:
- Сіз қате аударылған төлемді қайтарып ала аласыз. Қайтару туралы өтінішті 14 күннің ішінде жазу керек;
- Карта иесі қаржыны қайтару кезінде оны алған тарап ақшаны тұтынушы сәйкес талаптарды толтырған соң он күннің ішінде қайтаруы керек.
Қаржыны банк картасына қайтару үшін [email protected] поштасына жазып, «Қаржыны қайтару туралы өтініш» формасын сұратып, оны толтырып, оны адамның жеке тұлғасын растайтын құжатпен, қаржы аударылғанын растайтын чек/квитанциямен бірге [email protected] мекенжайына жіберу керек.
Ақша «Қаржыны қайтару туралы өтініш» Қорға түскен күннен бастап он күннен кешіктірілмей қайтарылады.
Қате жасалған операциялар кезінде алынған ақшаны қайтару үшін жазбаша өтініш жазып, жеке басын растайтын құжаттың көшірмесін, қате аударымды дәлелдейтін чек/квитанцияларды жіберу керек. Өтінішті [email protected] поштасына жіберу қажет.
Қайтарылатын сома аударым сомасына тең болмайды. Жүргізілген транзакция жағдайында төлем жүйесі тарапынан комиссия ұсталады. Өтінішті қарастыру мерзімі Қор өтініш алған соң басталады және мереке/демалыс күндерін қоспай, жұмыс күндерімен есептеледі.
Төлем жасалмаса:
- Банк картасы интернет бойынша төлем жасауға арналмаған. Ол туралы эмитет-банкке хабарласып білуге болады;
- Банк картасымен төлем жасауға қаражат жеткіліксіз. Банк картасындағы қаржы туралы толық ақпаратты картаны шығарған банктен біле аласыз;
- Банк карталарының деректері дұрыс терілмеген;
- Банк картасының жарамдылық мерзімі өтіп кеткен. Картаның мерзімі оның бетінде жазылады (карта қолжетімді ай, жыл беріледі). Картаның жарамдылық мерзімі туралы толығырақ эмитет-банктен біле аласыз.
Аударым, қаржы жіберу туралы сұрақтарыңыз болған жағдайда, мына нөмірлерге хабарласа аласыздар: +7 727 3390551, +7 727 3390552.
Құпиялылық
1. Анықтамалар
https://factcheck.kz/ ресурсы (бұдан әрі – URL, «біз») клиенттерінің және https://factcheck.kz/ сайтына кірушілердің (бұдан әрі – «Сіз», «сайтқа кірушілер») ақпаратының құпиялығына қатысты мәселеге жауапкершілікпен қарайды. Дербестендірілген ақпарат деп біз сайтқа кірушінің жеке деректерін (мысалы: аты-жөні, логин немесе компания атауы) қамтитын, сондай-ақ URL сайтында сіз жасайтын әрекеттер туралы ақпаратты (мысалы: сайт қонағының байланыс ақпаратымен жасалған банктік аударымы) айтамыз. Анонимді деректер – сайтқа кіруші нақты бір адаммен сәйкестендіру мүмкін емес деректер (мысалы: сайтқа кіру статистикасы).
2. Ақпаратты қолдану
URL сайтына кірушілердің дербестендірілген деректерін басқа қонақтарға ашпаймыз. Дербестендірілген ақпаратты ешқашан ашық дереккөзде жарияламаймыз және оны үшінші тұлғаларға бермейміз. Ақпарат тек Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы бойынша осындай ақпаратты уәкілетті мемлекеттік органдарға беру міндеттелген жағдайда ғана беріледі. Біз жиналған анонимді деректер негізінде жасалған есептерді жариялаймыз және таратамыз. Бұл ретте онда пайдаланушылардың дербестендірілген деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін ақпарат болмайды. Сондай-ақ анонимді деректерді ішкі талдау үшін, URL-ді дамыту үшін пайдаланамыз.
3. Сілтемелер
https://factcheck.kz/ сайты Қорға қатысы жоқ және үшінші тұлғаларға тиесілі басқа сайттарға сілтемелер қамтуы мүмкін. Біз үшінші тұлғалардың сайттарында орналастырылған мәліметтердің дәлдігіне, толықтығына және шынайылығына жауап бермейміз және мұндай сайттарда қалдырған ақпаратыңыздың құпиялылығын сақтау бойынша ешқандай міндеттемелер алмаймыз.
4. Жауапкершілікті шектеу
Біз осы құпиялылық саясатын сақтау үшін қолымыздан келгенін жасаймыз. Алайда, біздің ықпалымыздан тыс факторлардың әсері болып, соның кесірінен ақпарат жария болып кеткен жағдайда, ақпараттың сақталуына кепілдік бере алмаймыз. https://factcheck.kz/ сайты және онда жарияланған барлық ақпарат ешқандай кепілдіксіз «қалай бар болса, солай» ұсынылған. Біз URL сайтына кіру шектелген немесе сайтқа кіру және онда жарияланған ақпаратты пайдалану салдарынан келтірілген қолайсыз жағдайлар, сондай-ақ кез келген шығындар үшін жауапты емеспіз.
5. Байланыс деректері
Осы саясатқа байланысты сұрақтарыңыз болса, [email protected] поштасына жаза аласыздар.
Заңды тұлға
«“MediaNet” Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры
Мекенжай: 050000, ҚР, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 117/86, 207, 303-кеңселер
БСН/БИН 040840004751
ЖСК/ИИК KZ218560000000501493
БСК/БИК KCJBKZKX
«БанкЦентрКредит» АҚ
Директор: Джалилов Адиль Фарманович
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.