Журналист Михаил Козачков үйқамаққа ауыстырылды

Алматының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты журналист Михаил Козачковқа қатысты бұлтартпау шарасын өзгертті. Журналист тергеу изоляторынан үйқамаққа ауыстырылды. Бұл туралы “Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры хабарлады.

Айта кетейік, 2022 жылғы 18 желтоқсанда Қаржы мониториң агенттігі қазақстандық журналист Михаил Козачковты ұстады. Ол Елдос Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобының рейдерлік басып алу бойынша қылмыстық ісіне қатысы бар деген күдікке ілінген. Медиа қауымдастық пен құқыққорғаушылар ұстау кезінде журналистің бірқатар құқығы бұзылғанын айтып, президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жолдады. Осыдан кейін бас прокуратура Козачковқа қатысты істі тергеуге кірісті.

Козачков адвокаты арқылы айыптарды жоққа шығарып, өзін кәсіби қызметі үшін қудалап отырғанын мәлімдеді.

Factcheck.kz