«”MEDIANET” ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ (бұдан әрі – «Оператор») https://factcheck.kz мекен-жайындағы интернет-ресурста (бұдан әрі – «Интернет–ресурс») жеке деректерді сақтау және пайдаланумен айналысады, ал Интернет-ресурс пайдаланушысы (бұдан әрі – «Пайдаланушы») осы Келісімге сәйкес жеке деректерді ұсынады (бұдан әрі – «Келісім»). Пайдаланушы Келісіммен келіспесе, Интернет-ресурстың қызметтерін пайдалануды тоқтатуға міндеттенеді.
- Келісімнің мәні
1.1. Осы Келісім Интернет-ресурста тіркелген және Интернет-ресурстың ақылы қызметтерін пайдаланған жағдайында, Интернет-ресурс пайдаланушыларының дербес деректерін жинау мен пайдалануды реттейді.
1.2. Жеке деректер тек Қолданушы бұл Келісімге қосылғаннан кейін ғана жиналады. Қолданушы жеке деректерді тек өз еркімен ұсынады.
1.3. Осы деректер тиісті тұлға тарапынан ұсынылған сәттен бастап жеке деректердің құпиялылығы қамтамасыз етіледі.
1.3. Қолданушының жеке деректері Интернет-ресурста көрсетілетін мақсаттарға қайшы келетін жағдайларда пайдаланылуы мүмкін емес. Жеке деректерді мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыруды шектеу мақсатында пайдалануға болмайды.
2. Жеке деректердің ұғымы мен құрамы
2.1. Қолданушының жеке деректері – Интернет-ресурста қайырымдылық жасау үшін қажет жеке немесе заңды тұлға туралы ақпарат.
2.2. Жеке деректердің құрамы:
1) жеке тұлғалар үшін: тегі, аты, әкесінің аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН), жеке басын растайтын құжат деректері, банк реквизиттері (ИИК, БИК, банк атауы), тіркелген мекенжайы, стационарлық (мобильді) телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы;
2) заңды тұлғалар үшін: атауы, бизнес-идентификациялық нөмірі (БИН), тіркеу туралы мәліметтер, банк реквизиттері (ЖСК, БСК, банк атауы), заңды мекенжайы, стационарлық (мобильді) телефон нөмірі, электронды пошта мекенжайы, қатысушылар туралы мәліметтер (негізін қалаушылар, акционерлер), басшылар, оның ішінде жоғарыда аталған тұлғалар туралы деректер.
3. Оператордың құқықтары мен міндеттері
3.1. Оператордың міндеттері:
1) Интернет-ресурста қызмет көрсету үшін қажет мөлшерден артық жеке деректерді жинамау;
2) Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа кезде Қолданушының келісімінсіз жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеу;
3) Пайдаланушының анық келісімі болған жағдайдан басқа кездері алынған жеке деректерді жарияламау;
4) Заңнамада белгіленген тәртіп бойынша жеке деректерді заңсыз пайдаланудан немесе жоғалудан қорғауды қамтамасыз ету.
4. Қолданушының құқықтары мен міндеттері
4.1. Қолданушының міндеттері:
1) Операторға тек шынайы жеке деректерді беру;
2) Үшінші тұлғалардың жеке деректерін олардың келісімінсіз пайдаланбау және бермеу. Бір Қолданушы бірнеше пайдаланушының жеке деректерін орналастырғанда, оның тиісті өкілеттіктері бар деп есептеледі;
3) Жеке деректер өзгерген кезде, бұл Оператордың қызметтерін орындауға әсер ететін болса, оны Операторға хабарлау;
4) Интернет-ресурстағы жеке кабинетіне кіру үшін әлсіз, оңай табылатын құпия сөздерді пайдаланбау;
5) Жеке кабинетке кіруге арналған құпия сөзді үшінші тұлғаларға бермеу.
4.2. Қолданушының құқықтары:
1) жеке деректерін алып тастауды немесе түзетуді талап ету;
2) жеке деректеріне қол жеткізу;
3) Операторға жеке деректерін беруден бас тарту. Бұл ретте Қолданушы Интернет-ресурстың кейбір ақылы қызметтеріне кіруге мүмкіндігі болмайтыны туралы хабардар болады.
5. Жеке деректерді қорғау
5.1. Пайдаланушының жеке деректерін қорғау үшін Оператор:
1) жеке деректерге қол жеткізуді реттейтін және жеке деректерге арналған арнайы уәкілетті қызметкерлерді анықтайды;
2) Қолданушының келісімінсіз жеке деректерді үшінші тұлғаларға беруге жол бермейді.
6. Жауапкершілік
6.1. Оператор дербес деректердің рұқсатсыз таратылуына келесі жағдайларда жауапты болмайды:
1) егер бұл Пайдаланушының абайсыз әрекетінің салдары болса, яғни ол оңай құпия сөзді пайдаланса немесе құпия сөзді үшінші тұлғалардың пайдалануына берсе;
2) егер Оператор дербес деректерді қорғауды қамтамасыз ету үшін өзіне байланысты барлық шараларды қабылдаған болса, бірақ үшінші тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері (бұзу, шабуыл) немесе бағдарламалық жасақтамадағы осалдықтар нәтижесінде дербес деректерге рұқсатсыз қол жеткізілген жағдайда.
6.2. Барлық басқа жағдайда тараптардың жауапкершілігі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы құжат Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 389-бабының 1-тармағына және 395-бабының 5-тармағына сәйкес жария оферта және қосылу шарты саналады. https://factcheck.kz Интернет-ресурсында тіркеле отырып, сіз жоғарыда айтылған ережелермен келісесіз.