НАТО: Қытай Украинадағы соғыс туралы дезинформация таратты

Ресейдің Украинаға басып кіруі және Қытаймен ынтымағын одан әрі арттыруы қауіпсіздік саласында екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі ең шиеленісті жағдайды тудырды. Бұл туралы НАТО басшысы Йенс Столтенберг пен Жапонияның премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді, деп хабарлады BBC арнасы.

Осыған байланысты НАТО мен Жапония қарым-қатынасын нығайтатынын айтты.

Украинадағы соғыс қауіпсіздігіміздің бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Президент Путин Украинада жеңіске жетсе, украиндар үшін трагедия болады. Бірақ сонымен бірге бұл — бүкіл әлемдегі авторитар көшбасшыларға өте қауіпті сигнал. Олар әскери күш қолдану арқылы өз мақсаттарына қол жеткізе алатынын білетін болады.

Йенс Столтенберг, НАТО басшысы

Желтоқсанда Жапония өзінің қорғанысын күшейтудің ауқымды жоспарын жариялады. Мемлекет екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алғаш рет қорғаныс шығынын екі есеге арттырады. Осылайша, Жапония АҚШ пен Қытайдан кейін, осы бағытқа көп қаржы жұмсаған үшінші елге айналады.

Ал 30 қаңтарда Оңтүстік Кореядағы сапары кезінде Столтенберг Қытайды “НАТО және Украинадағы соғыс туралы дезинформация таратты” және Ресей мен Қытай тәртіп ережелеріне негізделген әлемге қарсы шықты” деп айыптады.

Бұған дейін Қытай НАТО-ның Азиядағы ықпалын арттыруға талпынысын сынаған.

Factcheck.kz