Қайырымдылық шартын жасасу туралы жария оферта

Бұдан әрі «Оферта» деп аталатын осы жария оферта – Жарғы негізінде әрекет ететін директор Әділ Жәлиловтің атынан «MEDIANET ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫНЫҢ төмендегі шарттарда қайырымдылық жасау туралы ұсынысына үн қатқан жеке және/немесе заңды тұлғаларға жасаған ұсынысы:

1. Жалпы ережелер 

1.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес, бұл ұсыныс жария оферта деп танылады (бұдан әрі – Оферта).

1.2. Осы Офертада мынадай мағынасы бар терминдер қолданылады:

 «Қайырымдылық» – «затты немесе құқықты жалпыға пайдалы мақсаттарда сыйға тарту»;

 «Қайырымдылық жасаушы» – «кез келген қолжетімді тәсілмен, кез келген қолжетімді құралдарды пайдалана отырып, қайырымдылық жасаған жеке және/немесе заңды тұлға»;

 «Қайырымдылық алушы» – «”MEDIANET ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖУРНАЛИСТИКА ОРТАЛЫҒЫ” ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ».

1.3. Оферта Қайырымдылық алушының https://factcheck.kz сайтында орналастырылған сәттен бастап мерзімсіз әрекет етеді.

1.4. Қайырымдылық алушы Офертаны кез келген уақытта оны Интернеттегі https://factcheck.kz сайтынан алып тастауа арқылы күшін жоюға құқылы.

1.5. Офертаның бір немесе бірнеше шарттарының жарамсыздығы Офертаның барлық қалған шарттарының жарамсыздығын білдірмейді. 

2. Қайырымдылық келісімінің маңызды шарттары:

2.1. Қайырымдылық оны алушының жарғылық қызметін қамтамасыз ету және жүргізу үшін қолданылады.

2.2. Қайырымдылық сомасын Қайырымдылық жасаушы анықтайды.

3. Қайырымдылық шартын жасасу тәртібі:

3.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес, қайырымдылық шарты Қайырымдылық жасаушының Офертаны акцепттеуі арқылы жазбаша нысанда жасалады.

3.2. Оферта Қайырымдылық жасаушының Офертаның 5-бөлімінде көрсетілген деректемелер бойынша төлем тапсырмасымен Қайырымдылық алушының пайдасына ақша аудару арқылы акцепттелуі мүмкін, бұл ретте «төлем мақсаты» жолында: «жарғылық қызметті қамтамасыз ету және жүргізуге қайырымдылық» деп көрсетіледі, сондай-ақ пластикалық карталарды, электрондық төлем жүйелерін және Қайырымдылық жасаушыға Қайырымдылық алушыға ақша аударуға мүмкіндік беретін басқа да құралдар мен жүйелерді пайдалану арқылы акцепттелуі мүмкін.

3.3. Қайырымдылық жасаушының Офертаның 3.2-тармағында көзделген іс-әрекеттердің кез келгенін жасауы Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабына сәйкес Офертаны акцепттеу болып саналады.

3.4. Офертаны акцепттеу күні – қайырымдылық шартын жасасу күні Қайырымдылық жасаушыдан Қайырымдылық алушының есеп шотына ақша түскен күні.

3.5. Егер Қайырымдылық жасаушы таңдаған қайырымдылық аудару тәсілі «төлем мақсатын» көрсетуге мүмкіндік бермесе, Қайырымдылық жасаушы қайырымдылық мақсаттарын басқа жазбаша тәсілмен нақтылауға құқылы.

4. Қайырымдылық жасаушы жеке тұлғалардың дербес деректерін өңдеу 

4.1 Офертаны орындау мақсатында Қайырымдылық алушы Қайырымдылық жасаушының келесі дербес деректерін өңдеп, сақтай алады: тегі, аты, әкесінің аты; туған күні мен жері; Қайырымдылық жасаушының жеке басын куәландыратын паспорт немесе өзге құжат деректері (сериясы, нөмірі, берілген күні және паспортты немесе жеке басты куәландыратын өзге құжатты берген орган, паспортта немесе жеке басты куәландыратын өзге құжатта қамтылған өзге ақпарат); телефон нөмірі; электрондық пошта мекенжайы; салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі; банктік шоттар мен деректемелер туралы мәліметтер; Қайырымдылық алушының пайдасына қайырымдылық жасау үшін пайдаланылатын Қайырымдылық жасаушының банктік шоттарына шығарылған банктік төлем карталарының деректері; Офертаны орындау үшін өңделуі қажет өзге де дербес деректер (бұдан әрі бірлесіп – «Қайырымдылық жасаушының жеке деректері»).

5. Қайырымдылық жасаушы Заңды тұлғалар туралы ақпаратты пайдалану 

5.1. Қайырымдылық алушы өзінің https://factcheck.kz және/немесе https://medianet.ngo интернет-сайттарында, Қайырымдылық алушының әлеуметтік желілердегі парақшаларында, сондай-ақ БАҚ және Қайырымдылық алушының қолдауымен шығарылған басылымдар мен басқа ақпараттық материалдарда Офертаны орындау аясында алынған Қайырымдылық алушы туралы ақпаратты (атауы, орналасқан жері, қайырымдылық сомалары) жариялауға құқылы.

4. Қорытынды ережелер: 

4.1. Бұл Офертада көзделген іс-әрекеттерді жасай отырып, Қайырымдылық жасаушы Офертаның шарттарымен, Қайырымдылық алушының қызмет мақсаттарымен танысқанын, өз іс-әрекеттерінің мағынасын түсінетінін және оларды жасауға толық құқығы бар екенін растайды, Офертаның шарттарын толық және талассыз қабылдайды. 

4.2. Бұл Оферта Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

5. Қайырымдылық алушының реквизиттері: 

 «”MediaNet” Халықаралық журналистика орталығы» Қоғамдық қоры

Мекенжайы: 050000, ҚР, Алматы қ., Қазыбек би көшесі, 117/86, 207, 303-кеңселер

БИН: 040840004751

Банк реквизиттері: ИИК: KZ218560000000501493 (KZT)

Банк: «БанкЦентрКредит» АҚ БИК: KCJBKZKX 

Директор 

Адиль Джалилов

Бөлісу
Factcheck.kz