«Қарға Израиль туын жұлып жатыр»: видеоны талдайық

Сәуірдің соңында желіде қарға Израиль туын ілініп тұрған жерінен жұлып, жерге лақтырып жатқаны бейнелеген видео (123) тарап кетті.

Ролик араб әлемін аяғынан тік тұрғызды: ол туралы тіпті жаңалықтарда репортаж дайындалды (12). Пікірлердің көбі мұның «белгі» екенін ескертіп, сақ болуға шақырса, кейбірі күлкіге айналдырып жатыр. Кейінірек бұл видеоға қарғалар оны жұлып қана қоймай, оған жармасып, жыртып жатқан видеолары да қосылды.

Видеоны қазақстандық пабликтер мен әлеуметтік желі қолданушылары да жариялады (12). Оқырмандардың өтініші бойынша, Factcheck.kz редакциясы құстар расында ұйымдасып Израиль туына шабуыл жасап жатыр ма және олардың әрекетінің артында не тұр деген сұраққа жауап іздеді.

Үкім: Манипуляция

Желіде қарғалардың (басқа да құстардың) осы секілді әрекеті бейнеленген роликтер өте көп. Олар ұшып-қонғанда тудың сабын демалыс орны ретінде пайдаланады, жел тұрғанда туды ұстанады, тіпті оны ұрлайды. Осыған ұқсас жағдай басқа елдердің де туымен болған. Жарияланған күніне қарасақ, «Израиль» топтамасы 4 жылдық эпизодтан тұрады. Мұндай эпизодтың тек төртеуін ғана таба алғандықтан, біз бұл жаппай құбылыс екенін жоққа шығарамыз. Қарғалардың когнитив қабілеттері оларға алдыңғы тәжірибеге сүйеніп әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл кездейсоқ оқиға не олар әдейілеп үйретілген болуы да мүмкін. Осылайша, Израиль туына жасалған шабуыл – әлдененің нышаны да, белгісі де емес, сәйкестік қана тәрізді. Израиль туының орнында басқа мемлекеттік туы я басқа нысан да болуы мүмкін еді.

Толығырақ

«Қарғаның шабуылы» бейнеленген видео интернет-қоғамның көп шуына себеп болды. Біреулер «таңғажайып белгі» туралы жазса, енді бірі табалап әлек. Мәселен, Arab News басылымы палестиналық музыкант @docjazzmusic өзінің микроблогында «палестиналық ақылды қарға» туралы және «Құдай бізге үнемі белгі береді, бірақ біз нақты қандай белгі екенін білмейміз» деп атап өткен израильдік журналист @nirhasson -ның пікірін жариялады. Сондай-ақ басылым 2023 жылдың 15 мамырында Накба – палестиналықтарды еске алу күнінің 75 жылдығы атап өтілетінін жазды.

Дегенмен қарғаларды Израиль туына жасалған мистикалық шабуыл үшін айыптауға болмайды. Желіде құстар тудың сабын ұрлап (123), оның үстінде отырған (12), Нью-Брунсвик туына жармасып, Ресей туын шешуге тырысып, Үндістан туын әкетіп бара жатқан жазбаларды көптеп кездестіруге болады.

Мұндай әрекетке ғалымдар бұрыннан қызығушылық танытады. Жаңакаледониялық Corvus moneduloides қарғалары асын тауып жеу үшін түрлі құралдар жасай алатынын дәлелдеген тәжірибе көпшілікке таныс. Бірақ уақыт өте келе ғалымдар қанаттылардың жай ғана ойнағанды жақсы көретініне назар аударды. Бұл ерекшелік жаңакаледониялық құстарға ғана қатысты емес. Мәселен, мына видеодан шатырда сырғанап жүрген қарапайым қарғаны көреміз.

Әрине, бірінші кезекте зерттеушілер олар ойынды өміріне қажет қабілеттерін жақсарту үшін пайданалатын болар деген нұсқаны қарастырды, бірақ бұл нұсқа барлық жағдайға сай келе бермейді. Мысалы, қарғалар неліктен басқа құстардың үстіне мініп қыдыратыны және мысықтарды құйрығынан түртетіні жұмбақ.

  • «Қарға Израиль туын жұлып жатыр»: видеоны талдайық
  • «Қарға Израиль туын жұлып жатыр»: видеоны талдайық
  • «Қарға Израиль туын жұлып жатыр»: видеоны талдайық
  • «Қарға Израиль туын жұлып жатыр»: видеоны талдайық

Бұдан бөлек тағы бір қызықты жайт бар: сұр қарғатектестер ұқсас заттарды бірден танитынын дәлелдейтін ғылыми деректер бар. Сол себепті ту оларға мысықтың құйрығын, құстың қанатын я басқа нысанды, яғни көңілді ойынды еске түсіруі мүмкін. Мәселен, мына жерде құс бұрыштағы туды құйрық тәрізді ұзақ тартып жатыр. Ал мында өзінің тұқымдасының үстінде отырғандай ұшуға тырысып жатыр.

Тексеріп отырған топтамада қарғалар тырнағымен Израиль туына жабысып алғанын көрсеткен бөлік бар. Видеода қатты жел тұрып жатқаны көрініп тұр. Мұндай жайсыз ауа райында құстар туларды (кез келген!) тірек ретінде пайдаланады.

Тарап кеткен топтаманың ішінде ең дау-дамай туғызғаны – жұлым-жұлым болып жыртылған ту бейнеленген екі ролик. Оның біреуі 2021 пайда болған тәрізді. Мұндай ерекше әрекетті ойынмен я кездейсоқ жыртылды деп түсіндіруге болады.

Контекст

2011 жылы Animal behaviour журналында жарияланған зерттеу жас қара қарғалар басқа да құс түрлері мен сүтқоректілер тәрізді нысанның тұрақтылығын, яғни нысан көзден кетсе де бар екенін түсіну қабілетін дамыта алатынын көрсетті.

2020 жылы Scientific reports журналында жарияланған құзғындардың (қарғаның жақын тұқымдасы) когнитив қабілеттерін басқа ауқымды зерттеуде құстар себеп-салдарлық байланысты түсінгенін және әлеуметтік қабілеттерін (адамды қабылдауын) көрсеткен.

Қарғатектестер түрлі қабілеттерді игере алатынын, мәселен тамаққа айырбастау үшін қоқыс жинап жатқанын дәлелдейтін, оларды үйрететін роликтер өте көп (12).

Журналист, сценарист. Изучала политическую журналистику.

Factcheck.kz