20 жыл бұрын жоғалған адамның мәйіті Google Earth арқылы табылған ба?

2024 жылғы сәуірде Reddit сайтында үй жанындағы тоғанның аэрофотосуреті жарияланды. Сипаттамасында Google Earth арқылы өзінің ескі ауданын қараған адам 20 жыл бұрын із-түзсіз жоғалып кеткен ер адамның мәйітін тауып алғаны айтылған.

“1997 жылы Уильям Молдт үйіне қайтамын деп клубтан кеткеннен кейін іс-түссіз жоғалып кетті. Ол 2019 жылға дейін табылған жоқ, бірақ бір адам Google Earth арқылы өзінің ескі Флорида ауданын зерттеп, тоғанға батып кеткен көлікті тапқан”, – делінген постта.

Snopes фактчекерлері ақпараттың қаншалық рас екенін тексерді.

20 жыл бұрын жоғалған адамның мәйіті Google Earth арқылы табылған ба?

Пайдаланушы кейінірек X желісіне толық мағлұматты бөлісті. Ол спутниктік суреттерден көлдің таяз суына батып кеткен, жоғалған жігіттің көлігін көруге болатынын жазды.

Фактчекерлер мұның шын оқиға екенін анықтады.

2019 жылғы тамызда Флорида штатының Веллиңтон қаласындағы Гранд аралдарының бұрынғы тұрғыны Google Earth арқылы өзінің ескі ауданын зерттеп жатқанда тоғандағы ақ нысанның сұлбасы оның назарын аудартқан. Ол скриншот жасап, әлі сонда тұратын бұрынғы әйеліне жіберген. Әйел көршісінің үйін және оның артындағы тоғанды ​​танып, ол жерді суретке түсіріп күйеуіне жіберген.

Олар скриншоттан тоғанның шетінде тұрған көлікке ұқсас фигураны көрсе де, оны барып тексергенде байқай алмаған. Сондықтан ол көршісінің су үстінен бейнеге түсіретін дроны арқылы қараған. Ол жерден көлік анық көрінген.

Содан кейін көршілер шериф кеңсесіне қоңырау шалған. Олар сол күні кешке келіп, көлікті тоғаннан шығару үшін түні бойы жұмыс істеген. Көліктің ішінен олар адам қаңқасын тапты, ал екі аптадан кейін олар бұл 1997 жылы түнде жоғалып кеткен Уильям Молдттың сүйегі екенін анықтады.

Молдт жоғалған кезде 40 жаста болған, ипотека брокері болып жұмыс істеп, Флорида штатының Лантана қаласында тұратын. Бір күні кешкі сағат 21:30 шамасында дос қызына телефон соғып, жақында үйіне қайтатынын айтқан. Куәгерлер Молдттың соңғы рет түнгі 23:00-де түнгі клубтан шығып бара жатқанын көрген.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz