Кәдімгі камера арқылы Юпитерді жақыннан түсірген бе?

2024 жылғы 18 сәуірде X желісіне фото жарияланды. Фотоны жариялаған автордың айтуынша, суреттен Юпитердің бетін жақыннан көруге болады. «Nikon Z 8 (камера моделі – ред.) арқылы мен Юпитердің керемет суретін түсірдім», – делінген хабарламада.

«Үстел сияқты көрінеді, бірақ бұл NASA ұсынатын кез келген нәрседен кем емес», – деп жазды бір қолданушы.

Snopes фактчекерлері таңғажайып фотода кәдімгі камера арқылы түсірілген Юпитер ме, жоқ па тексерді.

Кәдімгі камера арқылы Юпитерді жақыннан түсірген бе?

Google кері іздеу жүйесі арқылы фотоның алғаш 2018 жылы Reddit сайтында пайда болғаны анықталды. Сипаттамасында «Юпитердің дауылдарына ұқсас тас тақта» деп жазылған. Сондай-ақ фотодағы АҚШ-тың Теннеси штатындағы Брентвуд жартасы екені айтылған. Бұл жартас қатып қалған ағашқа ұқсайды.

Оған қоса Nikon Z 8 камерасы тек 2023 жылғы мамырда шығарылды.

Осылай, фактчекерлер Юпитердің бетінің фотосы туралы мәлімдеме шындыққа жанаспайды деген қорытындыға келді.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz