Google дипфейк-порнографияға қатысты ережесін күшейтті

Google жасанды интеллект технологиялары арқылы жасалған порнографиялардың жарнамасына қатысты саясатын күшейтті. Енді жарнама берушілерге deepfake деп аталатын 18+ контентті жариялайтын уеб-сайттар мен қызметтерді жарналамалауға тыйым салады. Жаңа ереже 30 мамырда күшіне енеді. Бұл туралы SecurityLab жазады.

Бұл ереженің жаңарғаны компанияның сексуал мазмұнды қамтитын жарнамаларға қатысты бұрыннан бар шектеулерін реттейді. Оғсн қоса Google “жыныстық сипаттағы немесе жалаңаш бейнені қамтитын өзгертілген немесе қолдан жасалған синтетикалық контентті” жарнамалау компания саясатын бұзатынын түсіндірді.

Deepfake-порнография жасауға арналған сайттарды немесе қолданбаларды насихаттайтын, осындай контентті жасауға нұсқаулар беретін немесе оны жасау үшін әртүрлі deepfake қызметтерді салыстыратын жарнама берушілердің жарнамасы ескертусіз дереу тоқтатылады. Сондай-ақ олар Google-да жарнамаларын жариялау мүмкіндігінен айырылады.

Компания жарнама берушілерге жаңа ережені бұзатын кез келген жарнамаларды өшіруге уақыт береді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz