Жақында Meta Connect-тің презентациясында Марк Цукерберг жасанды интеллектінің жаңа мүмкіндіктерін таныстырды. Ол сахнаға әзірлеуші ІІІ Дон Аллен Стивенсон шақырды. Кейін Цукерберг смартфоны арқылы Стивенсонның виртуал нұсқасымен сөйлесті. Ал шын Стивенсон жанында тұрды. Бұл туралы TechCrunch хабарлады.
Осылай, ол қолданушылардың чат-ботын жасайтын AI Studio от Meta платформасын таныстырды.
Бағдарламаны америкалық қолданушылар шілдеден бастап қолданып жүр, бірақ ол кезде онда тек мәтін болған еді. Енді бағдарлама арқылы адам өзінің виртуал нұсқасын жасай алады.
«Көп хат алып, оның бәріне жауап беруге уақыт таппай жатсаңыз, Creator AI жиі қойылатын сұрақтарға жауап қата алады. Бұл уақытты үнемдеуге көмектеседі. Соның арқасында менің далаға шығуға, демалуға мүмкіндігім пайда болды», — деді Стивенсон технологияның пайдасы жөнінде.