- Жалпы ережелер.
- Бұл ереже Factcheck.kz сайтында (әрі қарай — Сайт) жарияланған ақпараттарды, жаңалықтарды және басқа да материалдарды пайдалану тәртібі мен шарттарын реттейді, сондай-ақ, сайт материалдарын пайдалану мен Сайт әкімшілігімен өзара әрекетті реттейді.
- Сайтта жарияланған кез келген материал интеллектуалдық меншік болып есептеледі (авторлық және сабақтас құқық нысаны, сондай-ақ, даралау құралдарын қорғау және сақтау құқығымен реттеледі). Сайт әкімшілігінің аталған материалдарға қатысты құқығы ҚР Азаматтық кодексімен және ҚР «Авторлық және сабақтас құқықтар туралы» заңымен қорғалады.
- Сайттың материалдарын сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз көшіріп басуға тек бастапқы екі абзац көлемінде ғана көшіргенде және міндетті түрде Factcheck.kz сайтын атап көрсетіп, бастапқы дереккөзге гиперсілтеме жасаған уақытта ғана рұқсат етіледі.
- Сайтта жарияланған басқа құқық иелеріне тиесілі материалдарды пайдалану және материалдарды пайдалануға рұқсат сұрау тек басқа құқық иесінің рұқсатымен ғана мүмкін болады немесе сондай құқық иелері бекіткен ереже-шарттарға сай жүзеге асады.
- Бұл Ереже ақпарат агенттіктеріне, электронды және баспа түріндегі бұқаралық ақпарат құралдарына, барлық жеке және заңды тұлғаларға, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге (әрі қарай – Пайдаланушылар) қатысты.
- Материалдарды пайдалану.
- Сайт материалдарын пайдалануға толықтай немесе жартылай көшіру, тарату, көпшілікке көрсету, эфирде хабарлау, кабель желісі арқылы хабарлау, аудару, қайта өңдеуден өткізу, көпшіліктің қаперіне салу және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көрсетілген басқа да пайдалану әрекеттері жатады.
- Сайт материалдарына Сайт әкімшілігімен келіспей қандай да бір өзгеріс енгізуге және/немесе толықтыруға, сондай-ақ материалдарды қайта өңдеуге тыйым салынады. Сайт материалдарындағы сөздерді жартылай (контекстен бөліп алып) немесе бастапқы мағынасын өзгертіп пайдалануға тыйым салынады.
- Пайдаланушылардың Сайт материалдарын коммерциялық негізде пайдалануы Сайт әкімшілігімен арада жазбаша түрде бекітілген келісім-шарт негізінде немесе Сайт әкімшілігі берген жазбаша рұқсат негізінде жүзеге асады.
- Пайдаланушылардың коммерциялық мақсатта (келісім-шартсыз/рұқсатсыз) Сайтта жарияланған, Сайт әкімшілігіне және басқа құқық иелеріне (үшінші тұлғаларға) тиесілі фото, графика, видео, аудио және басқа да материалдарды пайдалануына тыйым салынады.
- Әрбір нақты материалды пайдалану ақысы немесе оны пайдалануға рұқсат беру әр жағдайда Пайдаланушы мен Сайт әкімшілігі арасында жеке келісіледі.
- Сайтта жарияланған, құқығы үшінші бір тұлғаларға тиесілі материалдарды пайдалану қажеттігі туындаған жағдайда Пайдаланушылар ондай материалдардың құқық иелеріне материалды пайдалануға рұқсат алу үшін хабарласуға міндетті.
- Пайдаланушылардың сайт материалдарын пайдалану кезіндегі міндеттері.
- Сайт әкімшілігінің рұқсатымен Сайт материалдарын кез келген мақсатта пайдалану кезінде Сайтқа сілтеме жасау міндетті және ол келесідей түрде жүзеге асады:
- Мерзімді басылымдарда немесе басқа материал тарату нұсқаларында Пайдаланушылар материалды әр жолы пайдаланған уақытта дереккөзді – «Factcheck.kz» сайтын (factcheck.kz) көрсетуге міндетті.
- Интернетте немесе электронды нұсқадағы материалдық емес тасымалдаушыларда пайдаланған жағдайда Пайдаланушылар әр жолы материалдарды пайдалану кезінде «Factcheck.kz» (factcheck.kz) сайтына гиперсілтеме жасауға міндетті, гиперсілтеме тура және белсенді болуы керек, оған басқан уақытта Пайдаланушы Сайттағы материал алынған нақты бетке өтуі керек.
- Дереккөзге сілтеме немесе осы Ереженің 1.1 және 3.1.2. тармақтарында көрсетілген гиперсілтеме пайдаланылатын мәтіннің жоғарғы жағында көрсетілуі керек, сондай-ақ нақты пайдаланылатын аудио, видео, фотоматериалдың, Сайттың графикалық материалының басында көрсетілуі тиіс.
Дереккөзге сілтеме немесе гиперсілтеменің берілген қарпінің мөлшері Сайт материалы пайдаланылған материалдың қарпінен кіші болмауы керек, немесе Сайт материалы пайдаланылған аудио, видео, фотоматериалдың және Сайттың графикалық материалының берілген қарпі, сондай-ақ сілтеменің түсі Сайттың сілтемесіндегі түске сәйкес болуы керек және Пайдаланушыға көрініп тұруы тиіс.
- Сайттан алынған материалдың түпнұсқасын (немесе оның ішіндегі фрагменттерді) өңдеуге рұқсат етілмейді, өйткені одан мағынасы өзгеріп кетуі мүмкін немесе бастапқы мағынасы жойылуы мүмкін.
- Сайт әкімшілігінің рұқсатымен Сайт материалдарын кез келген мақсатта пайдалану кезінде Сайтқа сілтеме жасау міндетті және ол келесідей түрде жүзеге асады:
- Үшінші тұлғалардың материалдарының құқығы, шағымдарды реттеу.
- Құқығы үшінші тұлғаларға тиесілі материалдар Сайтта жарияланған болса, ол құқық иесінің рұқсатымен жарияланған деген сөз, не мұндай пайдалануға құқық иесі тікелей шектеу қоймаған жағдайда ҚР заңнамаларына сай ақпараттық мақсатта міндетті түрде материалы пайдаланылып отырған авторды және ол алынған дереккөзді көрсету арқылы ғана пайдаланылады.
- Егер осы Ереженің 4.1. тармағына сай материалдың авторын көрсету кезінде қате кеткен болса, немесе материалды пайдалану кезінде үшінші тұлғалардың құқығы бұзылуы мүмкін болса немесе бұзылса, немесе Сайтта жарияланған интеллектуалдық меншік нысанын пайдалануға қатысты басқа да даулы мәселелер туындаса, соның ішінде Сайтты пайдалану кезінде үшінші тұлғаның құқығы қандай да бір жолмен бұзылған жағдайда да, үшінші тұлғалардың Сайт әкімшілігіне қатысты шағымын реттеудің келесідей нұсқасы қолданылады:
- factcheck.kz (айқұлақ) @gmail.com электронды поштасы арқылы Сайт әкімшілігіне шағым жіберіледі, онда Сайтта заңсыз жарияланды делінген немесе пайдалану ережесі бұзылды делінген, құқығы шағымданушыға тиесілі интеллектуалдық меншік нысаны туралы ақпарат, немесе Сайтта жарияланған, интеллектуалдық меншік нысанының бірден-бір иегері ретіндегі шағымданушының басқа да құқығы бұзылғаны жөніндегі ақпарат; құқық иесі туралы мәліметтер шағымданушының құқық иесі екенін дәлелдейтін құжаттармен бірге, және, егер шағымды жіберген адам құқық иесі болып табылатын компанияның басшысы немесе құқық иесі болып табылатын жеке тұлға болмаған жағдайда құқық иесінің өкілінің әрекет етуіне берілген сенімхаттың көшірмесі бірге жолдануы тиіс. Шағымда сонымен бірге құқық бұзушылыққа алып келді делінген деректер көрсетілген Сайт парақшасының мекен-жайы және скриншот көрсетіліп, құқық бұзушылық толыққанды сипатталуы тиіс. Сайт әкімшілігіне шағымды шағымданушы жазбаша түрде мына мекен-жайға да жолдауына болады:
050000, Қазақстан, Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 117-үй, 207-офис
8 727 339 0551 – редакция
8 727 339 0552 – есеп бөлімі
- factcheck.kz (айқұлақ) @gmail.com электронды поштасы арқылы Сайт әкімшілігіне шағым жіберіледі, онда Сайтта заңсыз жарияланды делінген немесе пайдалану ережесі бұзылды делінген, құқығы шағымданушыға тиесілі интеллектуалдық меншік нысаны туралы ақпарат, немесе Сайтта жарияланған, интеллектуалдық меншік нысанының бірден-бір иегері ретіндегі шағымданушының басқа да құқығы бұзылғаны жөніндегі ақпарат; құқық иесі туралы мәліметтер шағымданушының құқық иесі екенін дәлелдейтін құжаттармен бірге, және, егер шағымды жіберген адам құқық иесі болып табылатын компанияның басшысы немесе құқық иесі болып табылатын жеке тұлға болмаған жағдайда құқық иесінің өкілінің әрекет етуіне берілген сенімхаттың көшірмесі бірге жолдануы тиіс. Шағымда сонымен бірге құқық бұзушылыққа алып келді делінген деректер көрсетілген Сайт парақшасының мекен-жайы және скриншот көрсетіліп, құқық бұзушылық толыққанды сипатталуы тиіс. Сайт әкімшілігіне шағымды шағымданушы жазбаша түрде мына мекен-жайға да жолдауына болады:
-
- Сайт әкімшілігі тиісті нұсқамен жіберілген шағымды алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде қарастыруды міндетіне алады. Сайт әкімшілігі шағымданушыға оның шағымын (арызын) қарастыру нәтижесі туралы шағымданушы көрсеткен электронды мекен-жайға хабарлауды да өз міндетіне алады (егер электронды адрес немесе жіберушінің пошталық мекен-жайы көрсетілмеген болса, Сайт әкімшілігінің жауапты жіберу міндеті алынып тасталады). Сондай-ақ, Сайт әкімшілігі тағылып отырған айыптың, шағымның заңдылығын нақтылайтын қосымша құжаттар, куәліктер, деректер сұрауға құқылы. Егер шағым заңды болса, Сайт әкімшілігі шағымданушының бұзылған құқығын қалпына келтіріп, даулы жағдайды реттеу үшін барлық мүмкіндікті қарастырады.
- Даулы жағдайларды реттеу.
- Сайт әкімшілігі кез келген жағдайда үшінші тұлғалардың негізді шағымдарын мейлінше тез қанағаттандырып, даулы жағдайды тез арада шешу үшін қолда бар мүмкіндіктің барлығын пайдаланады және Пайдаланушыларды толерантты және конструктивті пікірсайысқа шақырады.
- Пайдаланушы контенті.
- Сайт әкімшілігі пайдаланушылардың контентін жариялар алдында тексеруден өткізеді, соның ішінде пікір мен комментарий, аудио, видео және фотоматериалдың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тексеріледі. Сайт әкімшілігі келесі жағдайларда пайдаланушы контентін жариялаудан бас тартады:
- Мемлекеттік құпия немесе заңмен қорғалатын басқа да құпияны жария ететін мәліметтер болған жағдайда;
- Суицидті насихаттайтын ақпарат болған жағдайда;
- Антитеррористік операциялар жүріп жатқан уақытта олардың техникалық шарттары мен тактикасын ашатын жағдайда;
- Есірткі бұйымдарын, психотропты заттарды, соған ұқсас заттар мен прекурсорларды насихаттаған жағдайда;
- Қатігездік пен зорлық-зомбылықты насихаттайтын материалдар болған жағдайда, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және тегіне байланысты араздық тудырған жағдайда;
- Порнографиялық және арнайы сексуалды-эротикалық ақпараттар мен материалдар болған жағдайда;
- Интернет желісіндегі авторлық және сабақтас құқықтар бұзылған жағдайда.
- Сайт әкімшілігі келесі мақсаттарда пайдаланылған пайдаланушы контентін жария етпеуге құқылы:
- Сайлауалды науқан өткізу шарттары бұзылған жағдайда;
- Шетелдіктер, азаматтығы жоқ тұлғалар, шетелдік заңды тұлғалар мен халықаралық ұйымдар үміткерлерді, саяси партияларды, ұсынылған партиялық тізімді, сайлауда белгілі бір нәтижеге жетуді ұсынуға және сайлауға кедергі келтіретін және (немесе) ықпал ететін әрекетке барған жағдайда;
- Тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жүргізуге;
- Шеруге қатысуға мәжбүрлеген немесе мәжбүрлі түрде бас тартқызған жағдайда;
- Бейбіт жиындар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру және өткізуге қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзған жағдайда.
- Сайт әкімшілігі пайдаланушылардың контентін жариялар алдында тексеруден өткізеді, соның ішінде пікір мен комментарий, аудио, видео және фотоматериалдың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес болуы тексеріледі. Сайт әкімшілігі келесі жағдайларда пайдаланушы контентін жариялаудан бас тартады:
- Сайт материалдарына комментарий қалдыру ережесі.
-
- Сайт материалының астына комментарий қалдыру арқылы Пайдаланушы сайт Ережесімен келісетіндігін білдіреді.
- Комментарийде боқтық сөздер болмауы керек, сондай-ақ үшінші тұлғалар мен ұйымдардың ар-намысына тиіп, жала жабатын пікірлер болмауы тиіс.
- ҚР Ақпаратқа қол жеткізу туралы Заңының 1-бабы 1-тармағына, ҚР БАҚ туралы Заңының 18-бабы 1-тармағына және 21-бабы 3-1 тармағына сай, сайтымызда пікір қалдырғысы келетін кез-келген қолданушы СМС-хабарламаның көмегімен жеке басты верификациялауы (куәландыруы) міндет.
- Сонымен қатар, Сіздің деректеріңіз factcheck.kz сайтында жарияланған материалдарды немесе «MediaNet» ХЖО» ҚҚ жобаларына қатысты ақпаратты жіберу барысында пайдаланылуы мүмкін. Демек, Сіз сайтта СМС-хабарлама көмегімен тіркелу арқылы автоматты түрде өзіңіздің деректеріңізді өңдеуге, сақтауға және СМС-хабарлама алуға келісіміңізді бересіз.
-
- Басқа да шарттар.
- Сайт әкімшілігі бұл Ережелерді кез келген уақытта біржақты түрде Пайдаланушыларға жария түрде жазбаша ескертпестен өзгерту құқығына ие. Кез келген өзгерту Сайтта жарияланады және Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
- Сайт материалдарын пайдалану немесе Сайтта жарнама жариялауға байланысты, басқа да мәселелер жөнінде Пайдаланушылар Сайт әкімшілігіне [email protected] мекен-жайына хабарласа алады.
- Сайттағы материалдарды пайдалануға қатысты осы Ережеде көрсетілмеген барлық құқықтық аспектіде тараптар ҚР заңнамасының талаптарын басшылыққа алады.