Жолдауға фактчек | Инженерлік желілердің тозу проблемасы туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауына фактчек материалдар топтамасын жалғастырамыз. Бұған дейін «ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі туралы» және игерілмегей мемлекетке қайтарылған жерлер жайында материалдар жариялағанбыз. Енді инженерлік желілердің тозу проблемасы туралы деректерін тексереміз.

Мәлімдеме: Елімізде электр қуатымен қамтамасыз ететін желілердің үштен екісінің, жылу коммуникациясының 57 пайызының және су құбыры желісінің жартысына жуығының тозығы жеткен. Осыдан-ақ біраз жайтты аңғаруға болады

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Техникалық қате

Энергетика министрлігінің деректеріне сәйкес, электр желілерінің тозуының қазіргі орташа деңгейі 66%, жылу коммуникациялары 59%, ал су құбыры желілері 50% құрайды. Әңігме елдегі желілердің қанша бөлігі тозғаны туралы емес, желілердің тозу деңгейі жайында болып отыр. Сонымен қатар, кейбір аймақтарда тозу деңгейі орташадан әлдеқайда жоғары.

Сарапшылар мен шенеуніктер Қазақстандағы инженерлік желілердің тозу проблемасы туралы бірнеше жыл бойы айтып келеді. Алайда, жағдай өзгермеген. Екі жыл бұрын агенттік ұқсас деректерді (мында және мында) келтірген.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz