Жолдауға фактчек | ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі туралы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жолдауы да елдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштеріне, болашақтағы бағдарына қатысты болды. Қаңтар қырығынына қатысып, істі болғандарға кешірім беру, өзгертілетін Салық кодексі, зорлық-зомбылыққа қатысты Заңның күшейтілуі, әйелдердің зейнет жасы, жаңа туған балаға арнайы шот ашып, мемлекет табысынан ақша салу және басқа да мәселелердің шеті қозғалды. Жолдауға қатысты сын мен пікірлерді саясаткерлерге қалдырып, біз айтылған деректер қаншалықты рас не өтірік екенін тексерейік. Factcheck.kz Қ. Тоқаев жолдауына фактчек материалдар топтамасын ұсынады.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі (тайм-код: 24:26)

Мәлімдеме: Ұлттық экономика құрылымында құрылыс секторы маңызды орынға ие. Осы сала ішкі жалпы өнімнің 5-6 пайызын береді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, 2021 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 83,9 трлн теңгеге жеткен, оның ішінде құрылыс саласының үлесі 4,7 трлн теңге. Процентік көрсеткішпен есептегенде, ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі 5,7%. Кейінгі бес жылдағы көрсеткіштер де 5-6% айналасында. Толығырақ төмендегі инфографикадан көре аласыз.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz