Тоқаев экономика мен жайылым туралы рас сөйледі ме?

Қасым-Жомарт Тоқаев 12 желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысына қатысып, әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне қатысты бірнеше дерек келтірді. Factcheck.kz президент сөзі қаншалықты рас екенін тексерді.

Материал толықтырылады

Соңғы 14 жылда инфляция 19,6%-ті құрап, тарихи жоғары деңгейге жетті. Әрине, мұндай жағдай халықтың өмір сүру деңгейі мен табысына кері әсерін тигізеді.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындық

Инфляция 2022 жылғы қарашада 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,6% болғаны рас. Тоқаевтің кейінгі 14 жылда инфляцияның осындай деңгейге жетуі алғаш рет дегені де — шындық.

Өкінішке қарай, елді мекендердің төңірегінде жайылым жетіспейді. Шамамен 8,8 миллион гектар жер тапшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Техникалық қате

Ауыл шаруашылық министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген ақпаратынна сай, елді мекендердегі жайылымдық алқаптар көлемі 21 миллион гектар. 2022 жылдың басындағы дерекке сай, жеке қосалқы шаруашылықтарда 6,2 миллион бас жануарға 16,4 миллион гектар жер тапшы. Елді мекендердегі жайылым тапшылығы туралы толығырақ мына материалымыздан оқыңыз.

Басқа ірі өндірушілер әртүрлі сылтаулармен ішкі нарыққа жеткізу туралы келісімдерге қол қоюдан бас тартады. Негізгі көлем экспортқа кетіп жатыр (87% алюминий, 98,8% мыс, 77% қорғасын).

Қасым-Жомарт Тоқаев

Үкім: Шындыққа жақын

Тоқаев нақты қай уақытты меңзегені белгісіз, алайда, жалпы жағдайды дұрыс сипаттап тұр.

Сауда және интеграция министрлігінің Factcheck.kz редакциясына берген ақпаратына сай, 2022 жылдың он айдың қорытындысы бойынша, елде өңдірілген алюминийдің 73,9%-і, мыстың 99,4%-і, қорғасынның 69,3%-і экспортқа жөнелтілген. Кейінгі бес жылдың статистикасы төмендегі инфографикада.

Оқи отырыңыз:

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz