Жолдауға фактчек | Игерілмеген қанша гектар жер мемлекетке қайтарылды?

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жолдауына фактчек материалдар топтамасын жалғастырамыз. Бұған дейін “ЖІӨ-дегі құрылыс үлесі туралы” материал жариялағанбыз, енді мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы игерілмей қалған жерлер туралы деректерді тексереміз.

Тайм-код: 27:17

…Комиссия жұмысының аясында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 2,9 миллион гектар жер мемлекетке қайтарылды

Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР президенті

Үкім: Шындық

ҚР Ауыл шаруашылық министрлігіне қарасты Жер ресурстарын басқару комитетінің мәліметінше, жыл басынан бері 2 млн 929 мың гектар ауыл шаруашылық жері мемлекетке қайтарылды.

АШМ-ның ақпаратына сай, Қазақстандағы ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлердің жалпы ауданы 201,9 млн гектар (егістік – 26,1 млн, жайылым – 80,6 млн, басқалары – 7,3 млн, қордағы жерлер – 87,9 млн), оның ішінде, пайдалануға берілген жер көлемі 114 млн гектарды құрайды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz