Жоба туралы

Factcheck.kz командасы – әлеумет, экономика, мәдениет, саясат және тағы да басқа салалар бойынша тәжірибесі бар, елдегі тұңғыш фактчекинг ресурсын ашу жөнінде шешім қабылдаған кәсіби журналистер тобы.

Жобада штаттағы және штаттан тыс авторлар бар, олардың арасында жетекші ақпарат агенттіктерінің журналистері мен әр саланың эксперттері де бар.

Қазақстандағы алғашқы фактчекинг ресурсы оқырманға сенімді дереккөзден тексерілген және тәуелсіз ақпарат алуға мүмкіндік беріп, атышулы мәлімдеме жасауға құмар тұлғалардың тарататын ақпаратына барынша мұқият болуына септігін тигізер деген сеніміміз бар.

Қандай принциптерді басшылыққа аламыз?

Жұмыс барысында біз International Fact-Checking Network (IFCN) – Халықаралық фактчекинг желісінің принциптеріне сүйенеміз

ӘДІЛДІКТІ ЖӘНЕ ТУРАЛЫҚТЫ ҰСТАНАМЫЗ

Атап айтқанда:

Әр фактіні бірегей стандартқа сай жан-жақты тексереміз. Тараптардың біріне бұра тартпаймыз. Әр тексеру кезінде бір процеске бағынамыз және дәлелдемелерді түйінде келтіруге тырысамыз. Өзіміз тексеретін мәселелер бойынша ешкімді қорғамаймыз немесе белгілі бір саясатты ұстанбаймыз.

АШЫҚ ДЕРЕККӨЗДЕРГЕ СҮЙЕНЕМІЗ

Біздің нәтижелерімізді оқырман өздігінен тексере алғанын қалаймыз. Біздің жұмысымызды бақылай алуы үшін барлық дерек көздерін егжей-тегжейлі келтіреміз, тек дереккөздердің жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда ғана оны жария етпейміз. Ондай жағдайда мейлінше детальдарды көп беруге тырысамыз.

ҚАРЖЫ КӨЗІ ЖӘНЕ ҰЙЫМ ТУРАЛЫ АШЫҚТЫҚТЫ ҰСТАНАМЫЗ

Қаржыландыру көзін ашық айтамыз. Егер басқа ұйымдардан қаржы алатын болсақ, инвесторлардың біздің есебімізде келтіретін қорытындыға ешқандай ықпалы болмайтынына кепілдік береміз. Ұйымдағы барлық негізгі тұлғалардың кәсіби деңгейі туралы ашық айтамыз және ұйымның құрылымы мен құқықтық мәртебесін де ашық түсіндіреміз. Кері байланыс тәсілін де анық-қанық көрсетеміз.

АШЫҚ ӘДІСТЕМЕГЕ ЖҮГІНЕМІЗ

Ақпарат және зерттеу нысанын таңдау кезінде пайдаланатын әдістемені ашық түсіндіреміз, фактілерді тексергеніміз жөніндегі есепті жазамыз, редакциялаймыз, жариялаймыз және түзетеміз. Тексерілуі тиіс фактілер көрсетілген хаттарды оқырманнан да күтеміз және фактілерді тексерудің себебі мен тәсілін де ашық көрсетеміз.

ТҮЗЕТУЛЕР ЕНГІЗУДЕ АШЫҚТЫҚҚА ЖӘНЕ ӘДІЛДІККЕ СҮЙЕНЕМІЗ

Түзетулер жариялаймыз және осы орайдағы саясатты нық ұстанамыз. Өзіміздің саясатымызға сай, түзетулерді анық және ашық келтіреміз, оқырманға тексерілген нұсқаны ұсыну үшін барымызды саламыз.

Factcheck.kz концепциясы

Миссиясы:

Жалған ақпаратқа қарсы тұру және Қазақстандағы медиа сапасын арттыру, атап айтқанда:

  • медиа саласында (журналистика және блогинг), яғни ақпарат дайындау және ретрансляция барысында;
  • ақпаратты тұтынуда (ақпаратты саналы және сыни қабылдау мәдениетін қалыптастыру)

Мақсаты:

Жалған ақпаратпен, ақпараттық манипуляциялармен, фейк жаңалықтармен күресу.

Міндеті:

  • қоғамдық маңызы бар және резонансты жаңалықтарды, фактілерді, сандарды, сондай – ақ көпшілік алдындағы тұлғалардың мәлімдемелерін рас не өтірік екеніне мониториң жасау  және тексеру;
  • Деректерді тексеру әдіснамасын сипаттай және деректер келтіре отырып “жалған”, “шындық”, “шындыққа жақын”, “манипуляция”, “үкім жоқ”  деген сияқты редакция үкімдерін жариялау.

Factcheck.kz негізгі ережелері

  • Factcheck.kz бұл саяси және басқа “лагерлерден”тең  қашықтықта орналасқан түбегейлі тәуелсіз фактчекиң жоба. Объективтілікті, ашық ойды сақтау әрқашан біздің басымдығымыз болып қала береді.
  • Біздің жобадағы фактчекиң объектілері кез келген тұлғалар, БАҚ немесе ұйымдар мәлімдемелері, жарияланымдары, сөз тіркестері, сандары және т. б. бола алады.
  • Болжамдар мен пайымдарды тексеру объектілері ретінде қарастыра алмаймыз. Біз тексеретін басты дүние – факт.
  • Factcheck.kz қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратады. Біздің басты міндетіміздің бірі –  ақпараттың дұрыстығына ұмтылған көп тілді аудиторияларды біріктіру.
  • Factcheck.kz қолданылатын әдіснама  – халықаралық стандарттар мен фактчекинг құралдарына негізделген.
  • Factcheck.kz фактілерді тексеру үшін тек ашық дереккөздерді пайдаланады.
  • Жиналған дәлелдемелерге, сондай-ақ “таразы” критерийлеріне сәйкес редакция үкім шығарады және оны жиналған дәлелдермен бірге сайтқа жариялайды.
  • Кез келген адам тексеру үшін фактіні, сондай-ақ өзінің жеке тексеру әдістемесін, дәлелдер базасын ұсына отырып, жобаға қатыса алады.
  • Factcheck.kz тексеру әдіснама мен дереккөздерді өзі таңдауға құқылы.
  • Factcheck.kz ресурсы даулы жағдайлар туындаған кезде қарсы аргументтерді, сондай-ақ үкімді қайта тексеру үшін сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құруға дайын.
  • Factcheck.kz белгілі бір үкімді  шығаруда қиындыққа тап болса, тәуелсіз сарапшылардан тұратын жұмыс тобын құра алады.
  • Factcheck.kz Қазақстан Заңдарына, Халықаралық Заңнамаға, сондай-ақ адамзатқа ортақ құндылықтар мен этикалық нормаларды назарға ала отырып жұмыс істейді.
  • Factcheck.kz авторлары бейтарап қағидатын сақтау мақсатында бір мезгілде саяси партияларда бола алмайды және мемлекеттік ұйымдар штатында жұмыс істей алмайды. Сонымен қатар, мүдделер қақтығысын болдырмау үшін авторлар жұмыс істейтін ұйымдар туралы материалдар жаза алмайды.

Фактчекингке кім қатыса алады?

Кез келген оқырман, журналист, блогер, эксперт «Кері байланыс»» түймешесін басу арқылы бізге өз ұсынысын, ескертпелерін және комментарийлерін жібере алады. Диалогқа, әріптестікке және өз-өзімізді жетілдіруге әрдайым дайынбыз.

Редакция

Жоба туралы
Адиль Джалилов
Factcheck.kz. негізін қалаушы
Жоба туралы
Думан Смаков 
Factcheck.kz бас редакторы
Жоба туралы
Медет Есімханов 
Factcheck.kz орыс тілді нұсқасының бас редакторы
Жоба туралы
Думан Терлікбаев
Factcheck.kz. шығарушы редактор
Жоба туралы
Абзал Бектұрған
Factcheck.kz сайтының мультимедиа редакторы
Жоба туралы
Снежана Цой 
Factcheck.kz үйлестірушісі
Жоба туралы
Жансерік Тілеухан
Журналист, фактчекер
Жоба туралы
Ернұр Бақберген 
Журналист
Жоба туралы
Сергей Ким
Журналист, медиакритик, фотограф
Жоба туралы
Валерия Бучельникова
Журналист, сценарист 
Жоба туралы
Алмабек Ибрайымов
Журналист, фактчекер
Жоба туралы
Динара Сарбасова
Журналистка, фактчекерка
Жоба туралы
Наргиза Аршидин
Журналист
Жоба туралы
Кристина Опёнкова 
Дата-журналистка
Жоба туралы
Зерделі Бапай
Журналист, фактчекер

Бізді кімдер қолдайды?

Редакция мақалалардың ішінде заңға қайшы ақпараттарды таратуға және насихат немесе жарнама түріндегі материалдарды жариялауға үзілді-кесілді қарсы. Мемлекеттік органдар, квазимемлекеттік сектор және коммерциялық ұйымдар мен бұл жобаның арасында ешқандай келісімшарт немесе ауызша міндеттеме жоқ.

Жобаның бастапқы кезеңінде «Сорос-Қазақстан Қоры» КҚ қолдау көрсетті, алайда редакция біртіндеп бюджетті диверсификацияламақ.

Серіктестер

Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы
Жоба туралы

Байланыс

050000, Қазақстан, Алматы қ., Қазыбек би к-сі, 117/86, Galianos БО, 207-офис
Телефон: +7 727 339 0551
Электронды пошта: [email protected]

Кері байланыс

Егер сіз материалымыздан қате байқасаңыз, басқа да сұрақтарыңыз болса, осы форма арқылы бізге хабарласыңыз.

Please enable JavaScript in your browser to complete this form.
Осы форманы толтыра отырып, мен «MediaNet халықаралық журналистика орталығы» ҚҚ операторына (бұдан әрі – MediaNet ХЖО) factcheck.kz ресурсы арқылы жеке деректерімді жинауға, өңдеуге, жүйелеуге, сақтауға келісім беремін.

«MediaNet ХЖО» ҚҚ, factcheck.kz ресурсы, деректерді ұсынылған материалды анықтау, тергеу және факт-тексеру мақсатында ғана пайдалануға міндетті. Дербес деректер, Қазақстан Республикасының заңнамасында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жалпыға қолжетімді жерлерде жарияланбайды немесе өзге тұлғаларға берілмейді.

Осы формада жиналған жеке деректер дерек жиналған күннен бастап есептегенде 1 жылдан кешіктірмей жойылады.

Егер сізде тексерілуі тиіс ақпарат бар болса, төмендегі батырманы пайдаланыңыз:

Бөлісу
Factcheck.kz