Қытайда ЖИ арқылы жасалған контентті таңбалауға қатысты ережелер енгізілді

Қытайдың интернетпен байланыс басқармасы (CAC) AI контентті таңбалауды реттеуге қатысты жаңа ережелер енгізді. Құжат ұлттық қауіпсіздікті, қоғамдық мүдделерді, азаматтардың, ұйымдар мен компаниялардың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау үшін әзірлеген. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Жаңа құжаттың негізгі мақсаты – жасанды интеллект арқылы жасалған немесе синтезделген контентті таңбалаудың бірыңғай стандарттарын жасау. Ереже таңбалаудың екі түрін ұсынады:

Көрініп тұратын белгі – қолданушылар бірден байқайтын, көрініп тұратын жасанды интеллект арқылы жасалған контенттегі айқын белгі. Бұл графикалық белгі, аудио сигнал болуы мүмкін.

Жасырын белгілер – файлдың метадерегіне енгізілетін және көпшілік байқамайтын таңба. Бұл контент атрибуттары, қызмет провайдерінің аты не коды, файл нөмірі болуы мүмкін.

Жаңа ереже бойынша, қолданушы жасанды интеллект арқылы жасалған контентті көшірсе, сақтаса, жолдаса, оның арнайы белгілері сақталуы қажет. Қызмет жеткізушілері контентпен өзара әрекеттесудің барлық кезеңінде мұндай белгілердің болғанын қамтамасыз етуі керек.

Ережелер интернеттегі контентті тарататын онлайн платформаларға да қатысты. Қызметтер таңбаланған метадеректерді тексеріп, пайдаланушылар үшін тиісті ақпаратты көрсетуі керек. Мысалы, платформа контенттің жасырын белгісі бар екенін анықтаса, қолданушыға контенттің жасанды интеллект арқылы жасалғанын хабарлауы керек. Контентте белгі болмаса, бірақ провайдер қызметі ол ЖИ арқылы жасалған деп санаса да, оны да қолданушыға ескертуі қажет.

Қазіргі уақытта жоба қоғамдық талқылау сатысында тұр, ол 2024 жылғы 14 қазанға дейін жалғасады. Содан кейін құжат алынған ескертулерді ескере отырып пысықталады. Жаңа ережелер құжаттың соңғы нұсқасы бекітілгеннен және жарияланғаннан кейін күшіне енеді.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz