Калифорния губернаторы ЖИ-ге қатысты даулы заң жобасына вето қойды

Калифорния губернаторы Гэвин Ньюом АҚШ штатындағы жасанды интеллектіге қатысты ең қатаң ережелерді енгізбек болған SB 1047 заң жобасына вето қойды. Губернатордың бұл қадамы —  заң жобасына қарсы болған технология компаниялары мен венчурлық капиталистер үшін үлкен жеңіс. Бұл туралы The Washington Post  хабарлады.

Сонымен бірге губернатордың айтуынша, оның әкімшілігі жетекші ғалымдармен бірге ЖИ технологиясын енгізудегі қауіптер бойынша жұмыс істейді. Оған қатысуға шақырылған сарапшылардың қатарында Жасанды интеллект институтының директоры Фей-Фэй Ли және Карнеги қорының президенті Мариано-Флорентино Куэльяр бар.

Заң қабылданса, ол компаниялардан ең қуатты жасанды интеллект жүйелерін шығарар алдында сынақтан өткізуді талап етеді және технология адамдарға зиян келтірсе, мысалы, лаңкестік шабуылды жоспарлауға көмектесу үшін пайдаланылса, технологияны әзірлегендер жауапқа тартылады.

Заң жобасына қарсы адамдардың айтуынша, бұл заң жаңа инновацияны тұншықтырады, өйткені көп технологияның барлық ықтимал зиянын сынау, болжау қиын немесе мүмкін емес. Оған қоса олар жасанды интеллектіні жасағандарды емес, оны қылмыс үшін пайдаланған адамдарды жауапқа тарту керек екенін айтты. Ал заңды қолдап отырғандар мұның жай формалды нәрсе екенін, бұл міндеттерді технология компаниялары онсыз да атқарып жүргенін мәлімдеп отыр.  

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz