Байланыс операторы мен Ұлттық банк атынан хабарласып алдайтын алаяқтар пайда болды

Телефон арқылы хабарласып алдайтын алаяқтықтың жаңа әдісі пайда болды. Алаяқтар азаматтарға хабарласып, өзін байланыс операторы немесе коммуналды қызметтің қызметкері деп таныстырады. Бұл туралы Ұлттық банк хабарлады.

Алаяқтар азаматтарға SIM-картасының немесе коммуналды қызметті есептейтін есептегіштің мерзімі өткенін айтып, қызметті созуды не онлайн кезекке тұруды ұсынады. Кейін олар зиян сілтемені жіберіп, оны басып, қолданбаны жүктеп, сол арқылы телефонға келген хабарламаны жіберуді немесе жеке деректерін сұрайды. Сөйтіп олар зиян әрі қауіпті сілтеме мен қолданба арқылы телефонға кіріп, ондағы қаражатын ұрлап алады, SIM-картаның виртуал көшірмесін жасап алады.

Алаяқтар ақшаны ұрлап алған соң, алданып қалған азаматтарға қайта хабарласып, өзін Ұлттық банктың қызметкері деп таныстырады. Олар құрбандардан екінші деңгейлі банктердің қолданбасын жүктеуін өтініп, кейін ол жерден қаржы немесе тауар түріндегі несиені рәсімдеп алады. Алаяқтар адамдарды сендіру үшін Ұлттық Банк қызметкерінің фейк куәлігін, жалған құжаттарын жібереді.

Ұлттық банк қазақстандық азаматтардан қырағы болуды, күмәнді сілтемелерді баспауды, үшінші тұлғалардың нұсқауы бойынша HopToDesk, RustDesk, RUDesktop, AnyDesk, TeamViewer және тағы басқа қашықтан басқаруға мүмкіндік беретін қолданбаларды орнатпауды сұрайды.

Олар Ұлттық банк қызметкерлерінің аудио немесе видео-қоңырау арқылы хабарласпайтынын, жеке тұлғалардың шоттарына қызмет көрсетпейтінін, қаражатты сақтандырмайтынын, халықпен қолма-қол есеп айырыспайтынын ескертіп айтты.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz