АҚШ халқының үштен бір бөлігінің жеке дерегі тарап кетті

Биографияны тексерумен айналысатын MC2 Data компаниясы АҚШ халқының үштен бір бөлігінің жеке деректерінің тарап кетуіне жол беріп қойған. Бұл туралы SecurityLab Cybernews зерттеуіне сүйеніп хабарлады. Зерттеу дерегі бойынша, 2,2 ТБ болатын 106 миллион жазба, ақпарат интернетке тарап кеткен. База 7 тамызда анықталды. Оның ашық дереккөзде қашан пайда болғаны әзірге белгісіз.

MC2 Data және сол сияқты компаниялар ашық дереккөзден азаматтардың сотталып-сотталмағанына, еңбекжолына, туыстарына, байланыс нөміріне қатысты ақпаратты жинап, өңдейді. Бұл мағлұматтар жұмыс берушелірге шешім қабылдауға, қауіп-қатерді басқаруға мүмкіндік береді.

Компанияның қызметіне жүгінген 100 миллион адамның, 2,3 миллион қолданушының дерегі тарап кеткен. Интернетте олардың есімдері, email поштасы,IP-мекенжайы; құпиясөздері, төлемдері, туған күндері, мүлкі туралы ақпараты, еңбекжолы, отбасы туралы ақпараты жүр.

Cybernews мамандарының айтуынша, мұндай ақпарат киберқылмыскерлер үшін үлкен құндылық өйткені оларға айласын, амалын іске асыру жеңілдей түседі.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz