Forbes Иран көсемін “ең құдіретті адам” деп мұқабасына шығарған ба?

Интернетте Иранның “рухани көсемі” Аятолла Әли Хаменидің суреті бейнеленген Forbes журналының мұқабасы тарады. Редакция Иран көсемін “Ең құдіретті адам” деп атаған деседі. AFP фактчекерлері мұқабаның қаншалық шынайы екенін тексерді.

«Аятолла Әли Хаменеи Forbes журналының мұқабасында «Әлемдегі ең құдіретті адам» деген жазумен бейнеленген», – делінген Х желісіне 2024 жылғы 17 сәуірде жарияланған жазбада.

Forbes Иран көсемін "ең құдіретті адам" деп мұқабасына шығарған ба?
жазба скриншоты

Бұл пост Sprinter Factory деген аноним парақшаға жарияланды. Кейін өшірілді. Бұған дейін бұл парақша Иранның Израильге шабуылы жөнінде, Украина мен Ресей, Израиль мен ХАМАС арасындағы соғыс туралы түрлі жалған ақпарат шығарған.

Бұл мұқаба 2024 жылғы 15 сәуірде жарияланған деседі. Хаменеидің суреті бар мұқаба жарияланған жазбалар Instagram және TikTok сияқты басқа платформаларда тарады.

Дегенмен Forbes журналының Иранның жоғарғы басшысын «әлемдегі ең құдіретті адам» деп, мұқаба шығарғаны жалған.

«Бұл сурет нақты Forbes мұқабасы емес және біздің платформаларымыздың ешқайсында ешқашан жарияланған емес», – деді журналдың өкілі фактчекерлерге.

Кері іздеу жүйесі де Forbes архивінен мұндай мұқабаны таппады. Басылымның 2024 жылғы сәуір мен мамырға арналған шығарылымының мұқабасында америкалық инвестор-миллиардер Тодд Боэли бейнеленген.

Аятолланың суреті де Forbes-тің авторлық суреті емес. Оның бұл фотосы бұған дейін бірнеше рет бірқатар жерде жарияланған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz