Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Көктемгі алапат су тасқынына қарамастан, жазғы маусымда Қазақстанның кейбір аймақтарында су тапшылығы болады. Елдегі ең үлкен үш өзенде жеткілікті суды сақтау үшін мемлекет шығындарды көбейтуді жалғастырып жатыр. Кейінгі 10 жылда Жайық пен Ертіс үшін қазынадан 30 миллиардтан (66,9 миллион доллар, бұдан әрі, егер басқаша көрсетілмесе, 1 доллар үшін 448 теңге бағамымен) астам теңге бөлінді. Сырдария өзенінің арнасына су қоймасын салу үшін кемінде 4 миллиард теңге (8,9 миллион доллар) қажет.

Қазақстандағы жер үсті су қорының 44%-і республикадан тыс орналасқан жерлерден толтырылады. Кейінгі 10 жылда ең ірі су балансының жағдайы ең нашар Арал-Сырдария бассейнінде Өзбекстан жағынан 15%-ке (10,2 текше км) азайды. Шу-Талас бассейні – 32 % (1,3 текше км) Қырғызстаннан, Ертісте – 21,5% (2,1 текше км) Қытайдан, Жайық-Каспийде – 15% (1,3 текше км) Ресей Федерациясы жағынан. Бұл мәліметті Қазақстанның Су шаруашылығы және ирригация министрлігі келтіріп отыр.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Министрлік сауалға жауап ретінде «Қазгидромет» РМК-ның өлшеу стансаларынан нақты деректер келтірді (жоғарыдағы графикте көрсетілген – ред.). Ағын судың көлемі тұрақты емес және климаттық факторларға байланысты. Соған қарамастан, судың азаюының жалпы тенденциясы байқалады.

Мәтінді мұқият оқыған оқырман графикке қарап, Жайық өзенінде судың көтерілгенін байқауы мүмкін, бірақ іс жүзінде олай емес. Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары (Жайық ағатын өңірлер) су тапшылығы мәселесін шеше алмай қиналып отыр. 

Батыс, Жайық

Атырау облысының су ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы 2006-2021 жылдар аралығында судың төмен түсуі байқалғанын айтып, көктемгі судың кейінгі шығарылымдары туралы нақты мәліметтерді ұсынады. 2021 жылы көктемде өзендегі су деңгейі 350 см, 2022 жылы 375 см, 2023 жылы норма 455 см болды.

Атырау облысының билігі сауалға жауап бере отырып, «су ресурсының жағдайы үлкен алаң туғызып, су тапшылығы жылдан жылға артып келе жатқанын» тікелей мойындады.

Облыс Жайық өзенінің төменгі ағысында орналасқандықтан, сумен қамтамасыз етудің 80%-і Ресейден жиналатындықтан және көршілес елде орналасқан ірі су қоймалары мен гидротехникалық құрылыстардың жұмысына байланысты болғандықтан, аймақтың жағдайы қиын.

Олар республикалық бюджеттен бөлінген арнайы трансферттер есебінен түсетін үкіметтің көмегімен өңірдегі су тапшылығымен күресуге тырысып келеді. 2013 жылдан бері Атырау облысы Жайық өзенінің суын көтеруге 7,3 миллиард теңгеден астам (16,2 миллион доллар) жұмсады.

Графикте көрсетілгендей, жылдық шығындар 447 миллион теңгеден (2013 жылғы бағам бойынша 2,9 миллион доллар) 2 миллиард теңгеге (2023 жылғы бағам бойынша 4,5 миллион доллар) өсті. Бұл ҚР Су шаруашылығы және ирригация министрлігінің мәліметі. Судың төмен болуы, ал оның деңгейін көтеруге көп қаражат жұмсалынады, оның үстіне су деңгейінің көтерілгені әлі де байқалмайды.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

«Жайық ағынының динамикасын талдау көрсеткендей, оның деңгейі жыл сайын түсіп барады, бұл Қазақстанның батыс аймағының экономикасы үшін де, өзеннің төменгі ағысындағы және Каспий теңізінің солтүстік бөлігінде орналасқан өңірлердің экологиясына да теріс әсер етеді», – деді Атырау облысының су ресурстары және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлан Жантоқов.

Сонымен, қазір Каспий теңізінің фондық деңгейінің төмендеуіне байланысты жағалау сызығы айтарлықтай алыстап кетті. Жайық өзенінің төменгі ағысында көктемгі ағынның болмауына және тартылуына байланысты бекіре және басқа да балық түрлерінің көшу жолдары қиындап, уылдырық шашатын жерлерінің аумағы азайып кеткен. «Өзеннің төменгі ағысындағы еріктердің жағдайы да ауыр – олардың көпшілігі тартылып қана қоймай, кеуіп, әр жерде бір шалшыққа айнала бастады. Бірақ өмірлік маңызды артериялардың рөлін атқаратын сол еріктер арқылы ұсақ және бекіре тұқымдас балықтардың негізгі бөлігі уылдырық шашу үшін өзенге түседі. Ал егер өзен одан бетер тартылып кетсе, онда арналар қазірдің өзінде құрғап, қамыс басып, жоғалып кетеді», – деп түсіндірді Жантоқов.

Жұмыс көлемі мен оның қымбатшылығын өзен арнасы мен каналды тазартудың ситуациялық жоспары негізінде бағалауға болады (төмендегі суретті қараңыз). Үш жылға есептелген бұл техникалық ерекшелік бойынша келісімшарт құны 2 миллиард теңгеден (шамамен 4,6 миллион доллар) асады.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Жоғарыда біз айтқан 7,3 миллиард теңге (16,2 миллион доллар) он жыл ішіндегі республикалық трансферттер болса, Жайық өзенін қолдауға жұмсалатын жергілікті бюджеттің қаржысы одан асып түседі. 2021 жылдан бері Атырау облысында 10,6 миллиард теңгеге (23,6 миллион доллар) және 5,5 миллиард теңгеге (12,2 миллион доллар) екі ірі келісімшартқа қол қойылды. Әңгіме Атырау қаласынан 70 шақырым жердегі Жайық өзенінің оң жағалауында орналасқан Махамбет ауылындағы ұзындығы 4,5 шақырым жағалауды бекіту бағасы мен ұзындығы 54,5 км жерді тереңдету жұмыстары шығынының құны.

Батыс Қазақстан облысындағы (БҚО) Жайық өзенінің жоғары ағысында да су ресурстарын сақтауға бағытталған қымбат жұмыстар жүргізіліп жатыр. Наурызда 6,4 миллиард теңгеге (14,2 миллион доллар) жағалауды бекіту жұмыстарына мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған-ды.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Жұмыс Орал іргесіндегі Круглоозерное ауылында жоспарланған. Сонымен қатар, бұған дейін облыс Батыс Қазақстан облысы Бөрлі ауданы Облавка және Жарсуат ауылдары маңындағы жағалауды бекіту жұмыстарына шамамен 3 миллиард теңге (6,6 миллион доллар) инвестиция салды, 2024 жылы тапсырылатын БҚО Ақжайық ауданы Чапаево ауылы маңындағы құны 962 млн теңге ($2,1 млн) жұмыс жалғасып жатыр.

Бұл ретте 2011 жылдан бері жұмыс жүргізіліп келе жатқан құны 7 млрд теңге ($15,6 млн) Жайық-Көшім жүйесінен Үлкен Өзен өзеніне суды бассейнаралық тасымалдау үшін Кирово-Чижинск каналын қайта құруды ескермедік. БҚО әкімдігі хабарлағандай, қайта құрудың барлық төрт кезеңі де аяқталды, алайда жобаны қисынды аяқтау үшін, сондай-ақ тасқын суының жиналуы және су төмен кезде суды үнемдеу үшін сыйымдылығы 28 млн текше метр Жалпақтал су қоймасын салу қажет.

Жалпақтал су қоймасына қатысты әңгімелер 2018 жылдан бері жалғасып жатыр. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) бар, тіпті су айдынының құрылысына 1 миллиард теңге (2,2 миллион доллар) жарияланды. Дегенмен, қазір, болжам бойынша, баға айтарлықтай өзгерді. Бәлкім, 2024 жылы көктемдегі қатты су тасқыны жергілікті билікке су қоймасына қаражат табу мәселесін тездетуге көмектеседі.

Солтүстік, Ертiс

Павлодар облысының Батыстан айырмашылығы, жергілікті әкімдік су тапшылығы болмайтынына сенімді. Оның үстіне кейінгі 10 жылдағы Ертіс өзенінің арнасын тазарту мен күтіп ұстауға жұмсалған шығынды сараптасақ, бюджет қаражаты да аз емес. Өзіңіз қараңыз: жалпы шығын облыс әкімдігінің мәліметі бойынша 9,3 млрд теңге (20,7 млн ​​доллар). Әдетте, бұл тым қымбат көп жылдық келісімшарттар.

Павлодар облысының әкімдігі сауалға жауап ретінде өңірде су тапшылығы жоқ екенін жеткізгенімен, кейбір аудандарда су мәселесінде қиындық бар. Бұған Ертіс өзенінің Талинка арнасын тереңдету жұмыстарына 2023 жылға 1,5 млрд теңгеге (3,3 млн доллар) жасалған мемлекеттік келісімшарт тікелей дәлел. Ақтоғай ауданындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының суару жүйелерін сумен қамтамасыз етуді жақсарту жұмыстары қажет.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Дәл осы Павлодар облысының Ертіс кентінде 2024 жылға жоспарланған құны 1,4 миллиард теңгеге (3,1 миллион долларға) жуық тереңдету жұмыстары жүргізіліп жатыр. Былтыр жазда құрғақшылық пен судың аздығы жергілікті диқандарды Қазақстан Президентінен көмек сұрағанға дейін жеткізгенін ескертеміз.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Бұл ретте, Павлодар облысындағы Жайық өзенінің төменгі ағысымен салыстырғанда, әрине, су жағдайы біршама жақсырақ. Себебі, су ағынының 77% көршілес Шығыс Қазақстан облысында (23% жоғары, яғни Қытайда) қалыптасады және 33,6 текше шақырымға жетеді, ал Ресей Федерациясына жылдық ағыны шамамен — 22-24 текше км су. 

Оңтүстік, Сырдарья

Ертіс өзеніндегі су ағынының деңгейі Арал-Сырдария бассейніне қарағанда пайыздық көрсеткіште тез төмендеп жатқанымен, іс жүзінде оңтүстіктің жағдайы өте қиын, оның үстіне нашарлап барады.

Қызылорда облысының әкімдігі кейінгі 3-4 жылда Сырдария өзенінің жоғарғы ағысынан келетін су көлемінің азаюына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп жатқанын жасырмайды, себебі суару маусымы өте қиын жағдайда өтеді.

Уәде етілген лимитпен (экология министрлігі деңгейінде белгіленген) 4 159,9 миллион текше метр болса, іс жүзінде 2023 жылы 3 821,37 миллион текше метр, ал алдыңғы екі жылда одан да аз алынған. Шардара су қоймасында және Көксарай қарсы реттегішінде (2011 жылға дейін салынған, ол арқылы Сырдария ағыны суару және су тасқынынан қорғау үшін реттеледі) судың жетіспеушілігіне байланысты лимиттерді облыстық деңгейде қысқартуға мәжбүр болды.

Анықтама: Сырдария өзенінің бойында Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан Шардара су қоймасы су ағынын реттейді және аттас су электр станциясының көзі ретінде пайдаланылады. Мемлекетаралық үйлестіру су комиссиясының 85-отырысында 2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 1 сәуірге дейін су қоймасына 11,1 млрд текше метр су келеді деп болжанған. Бұл ретте 2023 жылғы қазан-желтоқсанында Шардараға 4,4 миллиард текше метр су келеді деп болжанса, нақты 3,5 миллиард текше метр су келді. Бүгінгі таңда Шардара су қоймасы мен Көксарай қарсы реттегішінде 2,9 млрд текше метр су жиналды, бұл былтырғы кезеңмен салыстырғанда 2 млрд текше метрге аз.

Батыс және солтүстік облыстардан айырмашылығы сол, Қызылорда облысы 2013 жылдан бері су ресурстарын арттыру бойынша республикалық трансферттерді алмаған. Оның үстіне 2017 жылдан бері облыс 30 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ететін су алуды қалпына келтіруге қаражат ала алмай отыр.

Өйткені, су жинағыш 2013 жылдан бері салынып, пайдалануға берілсе, 2017 жылы Сырдария өзені арнасынан шығып, салдарынан су жинағыштың бетон плиталарын су шайып кеткен, содан бері қалпына келтіру мәселесі жылдар бойы шешімін таппаған. Тек 2023 жылы күзде ғана Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Әлихан Смайылов осы жағдайға байланысты сенаторлық сауалға жауап ретінде Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы Келінтөбе магистральды каналына фидерлік канал салуға қаржы бөлінгенін мәлімдеді. Әңгіме 542,8 миллион теңге (1,2 миллион доллар) туралы болып отыр.

Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы
Зерттеу: миллиардтаған қаржы мен шешілмеген су тапшылығы

Бірақ бұл каналға қатысты әңгіме аймақтағы жүйелі су мәселесін шеше алмайды. БҚО-дағы сияқты мұнда да су қоймасына деген қажеттілік әлдеқашан кешіккен. Жергілікті билік оның көмегімен 1 миллиард текше метрге дейін тасқын суды жинақтап, Қармақшы мен Қазалы аудандарында 31 мың гектар жерді, 120 мың гектар жайылым мен шабындықты жүйелі түрде суаруға, сондай-ақ вегетация кезеңінде Кіші Аралды суаруға жеткілікті су алуға мүмкіндік туады деп үміттенеді. Бағасы қазірдің өзінде белгілі – шамамен 4 миллиард теңге (8,9 миллион доллар). Бірақ БҚО-дағыдай жобаға қашан қаржы бөлінетіні белгісіз.

Үкімет 2020 жылы тоғыз облыста 115 миллиард теңгеге (256,6 миллион доллар) 39 жаңа су қоймасын салатын «тау қопаратын» жоспары болатын. Дегенмен, іс техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуден арыға бармады.

Әзірге республикалық деңгейде олар өзендердегі су тапшылығы мәселесін шешуге талап етілетіндіктен салыстырмалы түрде аз қаражат салуға дайын. Сол Су ресурстары және ирригация министрлігінің өңірлердегі өзендердің су деңгейін көтеру жөніндегі республикалық бағдарламасына 2024 жылғы бюджеттен небәрі 2,6 миллиард теңге (5,8 миллион доллар) бөлінген; 2025 жылға 13 миллиард теңге (29 миллион АҚШ доллары) жоспары бар, бірақ бұл сандар Қазақстанның созылмалы бюджет тапшылығын ескере отырып қысқармаған жағдайда ғана.

2024 жылы қыркүйекте іске қосуы жоспарланған «Hydro.gov.kz» су ресурстары туралы жаңа ақпараттық жүйе жағдайды өзгертетін шығар (халық қолданады деп уәде етілген). Жаңа ресурс спутниктік суреттер арқылы сол өзендердің (және жалпы кез келген су объектілерінің), оның ішінде суды пайдалануды есепке алудың жай-күйі туралы кеңістік деректерді алуға мүмкіндік береді деп болжануда. Осылайша ел көлеміндегі су тапшылығының ауқымын үкімет пен жергілікті билік өкілдері ғана емес, қарапайым қазақстандықтар да көре алады.

Материал Соғыс және бейбітшілік репортажы институтымен бірлесіп жарық көрді

Журналист-расследователь, в профессии более 20 лет. Основала проект о государственных расходах @protenge.kz. Лауреат Anticorruption Champions 2021 (USA) и Open Contracting Champion 2021 (OCP)

Factcheck.kz