Джоан Роулиң Мәскеуден пәтер сатып алған ба?

Хәрри Потердің бастан кешкен хикаялары туралы кітаптардың авторы Джоан Роулиң Мәскеуден жылжымайтын мүлік сатып алды деген ақпарат тарады. “Проверено” басылымы мағлұматтың қаншалық рас-өтірік екенін тексерді.

Бұл ақпарат бірқатар медиа ресурста және әлеуметтік желіде тарады (1, 2, 3, 4, 5).

«Ресей – мені жазаламай, әр затты өз атымен атауға рұқсат беретін мемлекет. Міне, мен Ұлыбританияда айтатындай қынабы бар адам емес, әйелмін», – деп келтірді жазушының сөзін кейбір басылым.

Олардың айтуынша, жазушыны қазіргі заманда оның қалыпты әйел болу құқығы үшін күресуге тура келетіні таңғалдырған. Бірақ Ресейде мұны істеудің қажеті жоқ, сондықтан Ресей оның таңдауы және барлық қарапайым адам сияқты ұстанатын дәстүрлі құндылықтардың тірегі болды. Осы себепті ол Мәскеуге көшіп, ол жерден пәтер сатып алған деседі.

Алайда бұл ақпарат жалған.

Джоан Роулиңнің Мәскеуден пәтер алғаны туралы хабар ең бірінші болып 2024 жылғы 12 сәуірде “а вот мой яндекс-кошелёк” Telegram-арнасына жарияланды. Дәл сол жазбада әлеуметтік желіде тараған цитата да жазылған. Осы материал жазылып жатқанда пост 22 мыңнан астам қаралып үлгерді.

Алайда бұл арна сатиралық фейк ақпарат таратады. Оны арнаның сипаттамасында ескертіп те жазып қойған. Сол себепті Джоан Роулиңге қатысты ақпар жалған.

Factcheck.kz