Иранда хиджаб киюді бақылайтын жаңа қызмет құрылымы құрылды

Тегерандағы Ислам революциясы сақшылар корпусының қолбасшысы Хасан Хасанзаде әйелдердің киім үлгісін қатаң сақтау үшін жаңа құқық қорғау құрылымын құру туралы хабарлады. Бұл туралы Азаттықтың Иран қызметі жазды.

Бұл қызметтің қызметкерлері әйелдердің қоғамдық орындарда хиджабты “дұрыс” киіп жүруін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен.

Азаттықтың Иран қызметінің мәліметі бойынша, кейінгі күндері Иран билігі моральдық тексеруді күшейтті. Басылымның ақпаратына сәйкес, рейдке қатысқандар әйелдерге дөрекі қарым-қатынас көрсеткен.

Айта кетейік, 2022 жылғы қыркүйекте Иранда полиция хиджабты “дұрыс” кимегені үшін ұстаған студент Махса Әминиді ұстаған. Кейін ол қыз ауруханада қайтыс болды. Оның өлімінен соң елде жаппай наразылықтар басталды. Елде қақтығыс болып, салдарынан жүздеген адам қаза тапты, мыңдаған адам қамауға алынды, бірнеше наразылық білдірген адам өлім жазасына кесілді.

Factcheck.kz