1414 нөмірінен келген хабарлама шынайы болып шықты

Қазақстан азаматтары арасында “Халыққа қызмет көрсету орталығының сайты бұзылды” деген ақпарат тарады. Алаяқтар ХҚКО-ның нөмірінен – 1414 нөмірінен хабарлама жіберіп жатыр деседі. Ондағы сілтемені басқан адамның атынан несие алады-мыс. Алайда «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі ақпаратты жоққа шығарды.

«Абайлаңыз, ХҚКО-ның уеб-сайты бұзылды. 1414-тен келген SMS-ті ашпаңыз», – делінген хабарламада.

1414 нөмірінен келген хабарлама шынайы болып шықты

”1414 нөмірінен хат келсе, сілтемені баспаңыз. Біздің базаны хакерлер бұзып алыпты. Қазір бәрінің атынан несие алып жатыр. Бүгін база 9-дан бері істемей тұр. Бәріне айтыңыз”, – делінген көпшілік арасында тараған аудиода.

Алайда бұл жалған ақпарат. ХҚКО сайтын ешкім бұзып алмады.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі 1414 нөмірінен шынайы хабарлама жіберіліп жатқанын айтты.

“Құрметті пайдаланушылар! 1414 нөмірінен келген ақпараттық хабарлама жалған емес. Бұл хабарламаны eGov мобильді жүйесіне тіркелмеген пайдаланушылар алған. eGov мобильді қосымшасы өмірдегі әртүрлі жағдайда сауалнама толтыру үшін, жаңалықтардан хабардар ету үшін жеке SMS және push-хабарламалар жібереді!

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ баспасөз қызметі
Factcheck.kz