АҚШ сенаты TikTok-қа қатысты заң жобасын мақұлдады

23 сәуірде АҚШ сенаты TikTok әлеуметтік желісінің басшысын – қытайлық концерн ByteDance-ты желіні басқа біреудің меншігіне беруге міндеттейтін заң жобасын қабылдады. Олар Қытай компаниясына TikTok-ты ҚХР-ға тиесілі емес компанияға сатуды ұсынды. Қытай бір жыл ішінде бұл шартты орындамаса, әлеуметтік желі АҚШ аумағында бұғатталуы мүмкін. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлады.

Бұл тыйым АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төнгеніне байланысты болып отыр. АҚШ сыншылары Қытай билігі әлеуметтік желі арқылы америкалық азаматтардың жеке дерегіне заңсыз ие болып, қолданатынын айтады. TikTok өкілдері бұл ақпаратты жоққа шығарып отыр. Аталмыш желіні АҚШ-та 170 миллион адам қолданады. Бұл – елдің шамамен тең жартысы деген сөз.

Президент Джо Байдан жаңа заңға қол қоюға дайын екенін мәлімдеді. Ал TikTok басшылары заңға келіспей, оған қатысты сотқа арыз түсірмек.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz