Журналистер қамаудағы тілші Данияр Әділбековті босатуды сұрады

Журналист Данияр Әділбеков энергетика вице-министрі туралы “көрiнеу жалған сөз жеткізді” және әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп істі болып жатқан экс-министр Қуандық Бишімбаевтың адвокаттарының сұхбат жөнінде “жалған ақпарат таратты” деген күдікке ілінген. Әділбеков наурыздың соңынан бері қамауда отыр. Журналист өзінің “Дикая орда” деген Telegram арнасындағы жазбасы үшін айыпталған.

Журналистің адвокатының айтуынша, Әділбековті қамаудан шығару үшін өтініш берілді.

“Әділ сөз” баспасөзді қорғау ұйымы жалған ақпарат таратуға қарсы екенін, бірақ мұндай айып тағылған кезде мән-жай жіті тексерілуі керек екенін мәлімдеді.

Factcheck.kz