Грузия парламенті “шетел ықпалының ашықтығы” туралы заң жобасын мақұлдады

2024 жылғы 1 мамырда Грузия парламенті “Шетел ықпалының ашықтығы туралы” заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

150 депутаттың 83-і құжатты қолдаған. Ал оппозиция өкілдері дауыс беруге қатыспаған. Олардың айтуынша, бұл заң жобасы Ресейдің “шетел агенті” деген заңына ұқсатады.

Заң жобасы толық енгізілуі үшін үшінші оқылымда көп дауыс жинап, мақұлдануы керек. Жоба 17 мамырда дауысқа салынады.

Айта кетейік, бұған дейін Грузия астанасы Тбилисиде бұл заң жобасына қарсы адамдар парламент ғимаратының алдына митиңгіге шыққан.

Factcheck.kz