Латвия мектептерде орыс тілін екінші шет тілі ретінде оқытудан бас тартып жатыр

Латвия үкіметі мектептерде орыс тілін екінші шет тілі ретінде оқытудан біртіндеп бас тарту туралы шешім қабылдады. 2026-2027 жылдан бастап бұл елде оқушылар орыс тілін оқымайды. Бұл жөнінде Латвия министрлер кабинетінің сайты хабарлады.

Латвия мектептерінде бірінші шет тілі ретінде ағылшын оқытылады. Ал бастауышты бітірген оқушылар орыс тілінің орнына Еуроодақ немесе Еуропа экономикалық аймағына кіретін елдердің тілін екінші шет тілі ретінде таңдай алады. Орыс тілін екінші шет тілі ретінде таңдаған оқушылар орыс тілін оқи береді.

“Мектепте Еуроодақ тілдерінің бірін екінші шет тілі ретінде таңдау арқылы біз Еуропаның мәдени кеңістігіне және демократиялық әлем құндылықтарына жататындығымызды растаймыз. Осы ғасырда Ресей бастаған қанды соғыс және украин халқының геноцидінен кейін орыс тілі Латвия қоғамының едәуір бөлігі үшін міндетті екінші шет тілі ретінде қала алмайды”, – деді Латвияның білім және ғылым министрі Анда Чакша.

Factcheck.kz