Еуроодақ цифрлық құқық пен қағида туралы декларацияға қол қойды

15 желтоқсанда Еуроодақ цифрлық құқық пен қағидаға қатысты декларацияны қабылдады. Құжатқа Еуропалық комиссия төрағасы Урсула фон дер Лейен, Еуропарламент төрағасы Роберта Метсола және Чехия премьер-министрі Петр Фиала қол қойды. Бұл туралы Euronews хабарлады.

Еуропалық комиссияның Еуропадағы цифрлық технологиялар жөніндегі вице-президенті Маргрет Вестагердің айтуынша, декларацияда адамдардың офлайндағы құқығына онлайн да ие екені анық жазылған.

Құжатта алты тарау бар. Онда басқа мәселелермен қатар ЕО азаматтарының интернеттегі құқықтары көрсетілген. Оларға мыналар жатады:

  • Қосылу арқылы инклюзив қалыптастыру, цифрлық білім беру;
  • таңдау еркіндігі мен әділ цифрлық ортаның маңызын растау;
  • цифрлық қоғамдық кеңістікке қатысуды ынталандыру;
  • цифрлық ортадағы қауіпсіздікті, әсіресе жастар қауіпсіздігі мен мүмкіндігін кеңейту;
  • тұрақтылықты дамыту.

Цифрлы құқықтар мен қағидалар декларациясы 2022 жылғы қаңтарда ұсынылды. Өткен айда Еуроодақ елдері мен Еуропарламент құжат бойынша келісімге келді.

Factcheck.kz