Президент Тоқаевтың Facebook-те жалған аккаунты пайда болды

Президенттің баспасөз хатшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Facebook-те жалған аккаунты пайда болғанын хабарлады. Бұл жайлы Берік Уәли өзінің парақшасында хабарлады.

«Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан ашылған жалған аккаунттар мен парақшалар бұған дейін де көп болған. Бола беретін де шығар. Әлеуметтік желілерде ашылып жатқан мұндай фейктерге сенудің қажеті жоқ. Өзіңіз айтып отырғандай, Қасым-Жомарт Кемелұлы Твиттерде және Инстаграмда тіркелген. Ал Фейсбукта Мемлекет басшысының атынан тіркелген барлық аккаунттар мен парақшаларға сенбеуге шақырамын», — дейді баспасөз хатшысы.

Президент Тоқаевтың Facebook-те жалған аккаунты пайда болды
© фейк парақшаның скриншоты

Берік Уәлиге президенттің фейсбуктегі парақшасы жайлы сұрақты Талғат Қатауов есімді желі қолданушысы қойды.

Factcheck.kz