Еурокомиссия дезинформацияға негізделген жарнама табысын шектеуге шақырды

Еурокомиссия Facebook пен Google компаниясын дезинформацияға негізделген жарнама табысын азайтуға шақырды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Еуроодақ дезинформацияға негізделген жарнама туралы тәжірибе кодексін 2018 жылы қабылдаған. Бұны Google, Facebook, Twitter, Microsoft, Mozilla, және TikTok желісі қолдап, дезинформацияға қатысты кодекстің кемшіліктерін жоюға үлес қосты.

Еуроодақ басшылығының мәлімдеуінше, жарнама кірісін шектеуді басқа да интернет провайдеріне қолдану керек. Себебі жарнама биржасы электронды төлем қызмет міндеттерін өз мойнына алып, дезинформацияны елемеген.

Атап айтқанда, кодекстің жеткілікті деңгейге жете алмаған саласы — дезинформацияның алдын алу. Өйткені онлайн жарнама жалған ақпаратты әлі де таратып жатыр.

Еурокомиссия ұсынысы

Еурокомиссия жарнама табысын шектеу туралы кодекстің жаңа үлгісін 26 мамырда ұсынады.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz