Жалған | Коронавирус лабораториядан шығарылып, АҚШ-та патенттелді

2020 жылдың қаңтар айының соңында әлеуметтік желілерде коронавирустың таралғаны туралы посттар кең тарады, олардың мазмұны төмендегідейлері де бар:

Дәйексөздің аудармасы: «Нақты вирус туралы. Жаңа вирусты лабороторияда 2003 жылдан бері дайындады, ал 2015 жылы патенттеді. Патенттің мерзімі бүгін, яғни, АҚШ-та ауру жұқтырған алғашқы адам тіркелген күні өтеді. Патентте былай делінген: «Ойлап табуға CDC (АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау орталығы) қатысты. Осылайша АҚШ –тың бұл жаңалыққа құқы бар».

Қандай да түсініксіз жолмен екпені қазір дайындап жатқаны қалай? 2015 жылғы патентке сілтеме міне – https://patents.google.com/patent/US7220852.»

Бұл мәлімдеме қаңтардың соңында Facebook-те тарап кетті. Оны 86 мыңнан аса адам қараған. Мәтіні осыған ұқсас посттар Twitter -де де жарияланды. Олар әлеуметтік желілерде екпеге қарсы топтар мен Qanon тым оңшыл конспирологтардың арқасында танымал болды.

Health Feedback сайты тұжырымдаманы тексерді. Factcheck.kz аудармасын ұсынады.

Пікір: Жаңа вирусты лабораторияда 2003 жылдан бері жасады, ал 2015 жылы патенттеді.

Үкім: Жалған

Коронавирус жеке ауру немесе вирус түріне жатпайды.
Коронавирус – вирустар тобының атауы. Олардың бір бөлігі атипті пневмония (SARS) немесе Таяушығыс респираторлық синдромы (MERS) секілді тыныс алу жүйесінің ауруларын тудырады. 2019 жылдың соңында Уханьда пайда болып, уақытша 2019-nCoV деген атауға ие болған коронавирус сол вирустардың тобына жатады.

Коронавирус инфекциясын жұқтыру ошағы туралы ДДСҰ есебіне сәйкес 2019 жылдың 31 қаңтарында хабарланды. Дегенмен, 2020 жылдың қаңтар айының соңында жарияланған  зерттеуде 2019 жылдың 1 желтоқсанында осыған ұқсас белгілері болғаны туралы хабарлаған науқас болмаған. Яғни, ауру біз ойлағаннан да ертерек туындауы мүмкін.

Ауруды 2020 жылдың басында коронавирустың жаңа түрі деп бекітті. Алдын ала нәтижелер, оның генетикалық дәрежеде жарқанат коронавирусына ұқсайтынын көрсетті. Ғалымдар әлі вирустың қайдан шыққанын анықтаған жоқ, бірақ теориялардың бірі ретінде 2019-nCoV вирусы жануарлардан адамға жұқты деген жорамал айтады. Ол жануарлардың неше түрі сатылатын Ухань қаласындағы сауда орнында болған. Жалпы айтқанда вирус лабороторияда жасалған жоқ.

Пікір: Патенттің мерзімі бүгін, яғни, АҚШ-та ауру жұқтырған алғашқы адам тіркелген күні өтеді. Патентте былай делінген: «Ойлап табуға CDC (АҚШ аурулардың алдын алу және бақылау орталығы) қатысты. Осылайша АҚШ –тың бұл жаңалыққа құқы бар –  https://patents.google.com/patent/US7220852».

Үкім: Жалған

Постта 2019-nCoV вирусын 2015 жылы патенттеп алды делінген, бірақ сілтеме SARS-CoV патентіне апарады. SARS-CoV – басқа коронавирус. Ол 2003 жылы тарап, әлемнің 26 елінде 8 мыңнан аса адам жұқтырды. SARS-CoV алғаш Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында  пайда болды. Ол да адамға жануардан жұқты: ол кезде вирусты таратқан гүлдер екені анықталған.

2019-nCoV патентін басқа коронавирустардың патенттерімен де шатастырады, мәселен, инфекциялық бронхитпен (avian infectious bronchitis virus).

Пікір: Қандай да түсініксіз жолмен екпені қазір дайындап жатқаны қалай? 2015 жылғы патент соныкі емес пе?

Үкім: Жалған

Пост авторы не айтса да 2019-nCoV арналған екпе әзірге жоқ. Ғалымдар оны жасап жатыр.

Ал ДДСҰ жеке гигиена ережелерін сақтап, егер жөтел және қалтырау пайда болса дереу дәрігерге жүгінуге кеңес береді.

Виктория Ли
Журналист, фактчекер, фотограф.