Қытайда 2 күнде жаңа аурухана салынғаны рас па?

Соңғы уақытта коронавирус індетіне қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер интернет кеңістікте өршіп барады. Соның ішінде кешелі бері Ухань қаласының маңында орналасқан жаңадан ашылған арухана туралы әңгімелер көбеюде. Шынымен де Ухань қаласындағы аурухана 2 күнде салынды ма, Factcheck.kz сайты тексеріп көрді.

Пікір: Ухань қаласында коронавирусқа қатысты науқастарды қабылдайтын аурухана 2 күнде салыныпты

Қытайда 2 күнде жаңа аурухана салынғаны рас па?
Facebook-та тараған жазба

Үкім: Шындық және манипуляция

ҚХР Хуанган қалалық округінің ресми сайтында жазылған мәлімет бойынша аурухана шынымен 2 күннің ішінде ашылған, алайда бұл дайын ғимарат болған. Бастапқыда Хуанган орталық ауруханысының жаңа бөлімшесі ретінде салынып, мамыр айында ашылуы керек еді. Кейіннен (24 қаңтар) жергілікті билік ғимаратты науқастарды емдеуге арналған орталық ретінде толығымен салуға бұйрық берді.

Жергілікті биліктің мәліметінше, дайын ғимаратты өткен сенбі (25 қаңтар) күні жөндеп бастаған. 500 жұмысшы мен еріктінің арқасында 2 күн 1 түннің ішінде бітірген.

Екінші бір жаңадан тұрғызылып жатқан аурухананың құрылысы 23 қаңтарда басталған болатын, осы аптаның аяғында салынып бітеді деп жоспарлап отыр. Оның жоғарыдағы 2 күнде ашылған ауруханаға ешқандай қатысы жоқ.

Қытайда 2 күнде жаңа аурухана салынғаны рас па?
Жаңадан салынып жатқан аурухана

Соңғы мәлемтет бойынша (30 қаңтар) коронавирус індетін жұқтырған адамдардың саны – 9 776 адамға жеткен, оның ішінде 213 адам қайтыс болған.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz