30 елдің фактчекерлері коронавирус туралы фейктермен күресіп жатыр

24 қаңтардан бастап әлем елдерінен жиналған 30 ұйымның 60-тан аса фактчекерлері IFCN (Халықаралық фактчекерлер желісі) ұйымдастырған ортақ жоба аясында жұмыс істеп жатыр. Олардың мақсаты – қауіпті вирус туралы тараған ақпараттардың рас-өтірігін анықтап, халыққа жеткізу. 2020 жылдың 1 ақпанына дейін біздің топ 190-нан аса фейк пен адамды шатастыратын басқа да материалдарды тексерді. Олардың басым көпшілігі қауіпті вирустың қайдан тарағаны, көп жыл бұрын жасалған жалған патент және оның алдын алатын немесе емдейтін бірқатар күдікті тәсілдер туралы. 

Бұл Қытайда болып жатқан оқиғаларды суреттейді делінген фото және видеоларға қатысты фактчекерлер кездескен ауқымды шаралардың бірі. Тілдік кедергіден бөлек, видеолардың көпшілігінде ешқандай метамәліметтер жоқ, YouTube Қытайда жұмыс істемейді, ал белгісіз себептермен Қытайда фактчекерлер өте аз. Соған қарамастан, бірқатар фейк видео мен суреттерді жоққа шығара алдық және ары қарай жұмыс істеп жатырмыз.

Тағы бір мәселе – астыртын әрекеттер және фейк контент шоғырланған хабарламалар. Олар әлемде үрей туғызуға бағытталған тәрізді.

Фактчекер ұйымдардың бірқатары (оның ішінде  FactCheck.kz пен Politifact бар) 2019 жылғы коронавирус қытайдың биологиялық қару жасау бағдарламасынан туындады деген мифті тексерді. Қазір Microsoft-ты негізін қалаушы Билл Гейтс жаңа вирусты таратуға көмектесті деген хабарлама қызу талқыланып жатыр. Бұл ақпаратқа қатысты мәліметтерді Германияда – Correctiv, Хорватияда – Faktograph және Құрама Штаттарда – FactCheck.org талдап берді.

Аурудың әлем бойынша таралуы тоқтамайынша, IFCN ұйымдастырған ортақ жоба жұмыс істей береді және оны әлеуметтік желілерде #CoronaVirusFacts және #DatosCoronaVirus екі хэштегімен бақылап отыруға болады.

Орталық Азияда тексерумен Еуразия фактчекерлері желісінің мүшелері – FactCheck.kz, FactCheck.kg және FactCheck.tj айналысады. Толықтырылып жатқан материалды біздің сайтымыздан көре аласыздар.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz