Манипуляция | Израиль сарапшысы коронавирус пен биологиялық қару арасынан байланыс тапты

Бірқатар ресейлік БАҚ пен блогтар Израиль сарапшысы, биологиялық қару жөніндегі маман Дени Шохамның «Қытайдағы коронавирус пен Ухань қаласында дайындалып жатқан биологиялық қару арасында байланыс бар» деген ақпаратын таратып жатыр. Ақпаратты орыс тілінде алғашқы болып Washington Times мақаласына сілтеме жасаған «Комсомольская правда» сайты жариялаған болуы керек. Расымен, Washington Times мақаласында Дени Шохам атты сарапшының осы мәліметтердің бір бөлігін растайтын сөзі келтірілген.

Сонымен қатар Ухань қаласында вирустарды зерттеу бойынша ірі зертхана бар, сондықтан сарапшы мұндай болжам жасауы әбден мүмкін. Алайда біз бұл сарапшының өз сөзі екеніне немесе сұхбат толық көлемде берілгеніне күмәндандық. Осыдан кейін Institute for Defence Studies and Analyses сайтынан ол туралы ақпарат тауып, онымен тікелей байланысқа шығуды ұйғардық.

Үкім: Манипуляция

Біздің сауалымызға жауап берген Дени Шохам Washington Times газетіне сұхбат бергенін растады. Алайда ол мақалада жауаптың тек бір бөлігі ғана жарияланғанын айтып, ал қойылған сұраққа жауапты оңай манипуляция жасауға болатынын жеткізді.

Қойған сауалыңызға рахмет. Иә, Washington Times менен осындай байланыс болуы мүмкін бе деп сұрады. Мен биологиялық соғыс жағдайына орай Қытай әзірлеп жатқан зерттеулер салдарынан вирус таралып кетуі мүмкін деп болжам жасадым. Бірақ айта кетейін, «әзірге мұндай оқиға болды дегенге еш дәлел жоқ» деп бірден айттым. Қазір Қытайда болып жатқанның барлығы әдейі жасалды деп айту қиын, бәрі өз-өзімен болып жатқан табиғи процесс сияқты. Вирус туралы әлі де қосымша мәліметтер қажет.

– Дени Шохам.
Манипуляция | Израиль сарапшысы коронавирус пен биологиялық қару арасынан байланыс тапты

Алайда Washington Times Шохам берген жауаптардың тек бір бөлігін ғана жарияласа да, мақалада оның вирус пен биологиялық қару байланысын растайтын цитаталары жоқ. Ал орыс тіліне «аудару» кезінде ақпарат біршама өзгеріп кеткен. Сарапшының болжамдары, көмескі әрі нақты емес сөздері дәлелі бар цитаталарға айналып, түпнұсқа мүлдем жоқ жаңа сөздермен толыққан.

Мысалы, «Биологиялық қару-жараққа байланысты жұмыс қосарлы әскери-азаматтық зерттеу аясында жүргізіліп келеді және «ол құпия» деген сөз тіркесі «Новые известия» сайтында мынандай сөйлемге айналып шыға келген: «Басылым келтіріп отырған бұрынғы офицердің сөзінше, қару-жараққа байланысты жұмыс әскери-азаматтық зерттеу аясында жүргізілді, сондықтан ол қатаң құпиялықта сақталды».

Қорытынды:

  • Сарапшы атынан тараған ақпарат бұрмаланған және манипуляцияға ұшыраған.
  • Қазіргі кезде өршіп тұрған коронавирустың пайда болуына биологиялық қару себеп болды деп айту мүмкін емес, себебі бұған еш дәлел жоқ.
  • Сарапшының өзі аурудың пайда болуына негізгі себеп ретінде табиғи жолды айтты.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz