Мұрынды сабынды сумен жуу вирустардан қорғай ма?

Қытайдағы коронавирус эпидемиясына байланысты әлеуметтік желілер мен мссенджерлер күдікті және үрей тудыратын хабарламаларға толып қалды. Оларың көпшілігі – фейк. Халықаралық IFCN фактчекерлер желісі (оның ішінде factcheck.kz те бар) Желіде тараған алып-қашпа әңгімелерді тексеріп жатыр. Оқырмандарымыздың өтінішімен, WhatsApp  чаттарында белсенді таралып жатқан мына мәліметті тексердік.

Тұмау мен ЖРА-ның алдын алудың ең қарапайым әрі тиімді тәсілі. Бір кездері оны бізге, жас ғалымдарға КСРО –ның бас санитар дәрігері, академик Бургасов Петр айтқан болатын. Ол өзі де оны фронтта білген. Содан бері тұмау емес, тіпті жедел респираторлы аурулар да жанына жуымаған! 90 жыл өмір сүріп, аса қауіпті инфекциялармен жұмыс істесе де. Сізге жұмыста, дүкенде, қоғамдық көлікте ауру жұқтыруы мүмкін адамдармен байланысқаннан кейін кешке үйге келген соң қолыңызды сабынмен жуыңыз. Сіңбіріңіз және сабындалған саусақпен мұрыныңызды мұқият тазалаңыз. Әрине, ішін.

– Қандай сабын алған дұрыс?

– Кез келген. Неғұрлым қарапайым болса соғұрлым жақсы.

– Тым ерсі емес пе?

– Тәсілдің ғылыми негіздемесі бар. Вирус сақталатын қақырық тамшыларының көлемі 50-ден 100 микронға дейін, сол себепті олар мұрын қуысында тұрып қалады. Вирус инфекцияны тудырмай тұрғанда, оны мұрын қуысынан тазалап тастаған дұрыс. Айтпақшы, ол сабыннан қорқады. Осындай кеңесті Мәскеудің бас терапевті Леонид Лазебник те берген «Мен барлығыңызға күнде таңертең және кешке тыныс алу қуысын сабынды сумен тазалауға кеңес беремін. Жұмыстан үйге келген соң қолыңызды жуып, саусағыңызға сабынды көбік жағып, мұрныңызды тазалаңыз. Бұл шараның ешқандай зияны жоқ және күнделікті істеп тұрған жағдайда адам суық тиюмен немесе ЖРА-мен ауырмайтынына 100% кепілдік береді.

WhatsApp –та тараған хабарламаның мәтін

Үкім: Манипуляция, жалған және… шындық

Академик Петр Бургасовтың есімін пайдаланып, сөзді сол айтты деу манипуляцияға жатады. Мұны дәлелдеу де, жоққа шығару да мүмкін емес. Оның «тәсіл туралы фронтта білгенін» де солай.

Вирустың «сабыннан» қорқатыны туралы пікір – жалған. Мұрныңызды сабынды сумен тазаламаңыз! (төменнен қараңыз)

Шындық мынада:
1. Мұрынды тазалау – тұмау мен ЖРА кезінде дәрігерлер ұсынатын алдын алу шараларының бірі. Ал тазалау жолдары көптеген ауруханалардың сайттарында жарияланған.
2. Ал 2007 жылы Мәскеудің бас терапевті Леонид Лазебник расымен мұрынды сабынды сумен тазалауға кеңес берген. 2012 жылы Пирогов атындағы Ұлттық медико-хирургиялық орталығының бас терапевті, профессор Владимир Тюрин де осыны айтқан.

Тараған хабарлама нағыз фейк секілді көрінгендіктен, бұл күтпеген жайт. Дегенмен, толыққанды тексеріс жүргізе отырып, оның негізсіз емес екенін байқаймыз. Анықтап көрейік, сабынды суды пайдаланған дұрыс па?

Неге мұрынды тазалау алдын алуға көмектеседі?

Мұрынның шырышты қабығы – біздің қорғаушымыз. Шаңнан, майда қатты бөліктерден және вирустан қорғайды. Шырышты қабықты бұзу үшін вирусқа уақыт керек (бірнеше сағатқа дейін). Және тазалау вирусты жұқтыруға емес, мұрын қуысына тұрып қалған қауіпті элементтерді шығаруға көмектеседі. Бұл респираторлық аурулардың алдын алудың (емдеу емес) көне тәсілдерінің бірі. Дегенмен, адамның «ауруды жұқтырып алмасына 100% кепілдік» беруге болмайды. Мұндай кепілдікті тіпті вирустарға қарсы екпе де бере алмайды.

БІРАҚ! Мұрынды сабынды сумен тазаламаңыз!

Сабынмен қолды жуу керек, себебі, қолымызды бетімізге тигізу арқылы біз инфекция жұқтыра аламыз. Дегенмен, сабынды су (басқа да халықтық тәсілдер, мысалы сарымсақ секілді) мұрынның шырышты қабығын құрғатып жібереді. Яғни, ол мұрынның шырышты қабығын әлсіретіп, зиян келтіруі мүмкін.

Дәрігерлер кез келген дәріханаларда сатылатын арнайы тазалайтын ерітінділерді пайдалануға кеңес береді. Сайттарда көрсетілген нұсқаулық бойынша, оларды қарапайым физраствор немесе ас тұзының ерітіндісімен (100 мл суға 1 грамм тұз) алмастыруға болады.

Лазебник пен Тюрин жасаған мәлімдемелерге келер болсақ, түрлі мифтерден ешкім сақтандырылмаған, ал дәрігерлердің жасын ескерсек, олар оқыған кезде сабынды сумен тазалау әлсіз  тұз ерітіндісімен бірдей пайдалы деп есептелуі ғажап емес.

Естеріңізде болсын, мұрын қуысын тазалаудың қарсы көрсеткіштері бар. Олардың қатарында қатты немесе созылмалы отит, барабан перфорациясы, мұрынның жиі қанауы, полип, соданы көтере алмау және тағы да басқа аурулар бар. Мұрын бітіп қалғанда оны жууға болмайды. Сонымен қатар, балалардың мұрын қуысын сумен көп тазалауға да болмайды!

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz