ДДСҰ басшысы короновирусқа байланысты мәлімдеме жасады

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейюс әлем қауымдастығын коронавирус туралы жалған мәліметтермен күресуге шақырды. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланды.

Оның айтуынша, адамдар өздерін және басқаларды вирустан қорғау үшін шынайы ақпаратқа қол жеткізуі керек.

Соңғы мәліметтерге сәйкес осы уақытқа дейін Қытайда 34,598 адам вирус жұқтырған, оның 723 қайтыс болған. Ал дүниежүзі бойынша 24 елде 288 оқиға тіркелген. Бір адам қайтыс болған.

Ұйым басшысы вирус таралған сайын, жалған ақпарат медицина қызметкерлерінің жұмысын қиындап жатқанын атап өтті. Нәтижесінде фейк ақпараттың кесірінен қоғамда үрей мен түсініспеушілік туады.

ДДСҰ-да біз вируспен ғана күресіп жатқан жоқпыз; біз сонымен қатар дезинформацияны насихаттайтын және індетпен күресуімізге кедергі келтіретін тролльдер мен қастандық теоретиктерімен күресеміз.

Тедрос Адхан Гебрейюс

Гебрейюс туиттер парақшасында Қытайда болмаған, алайда вирус жұқтырған адамдардың барын хабарлады.

https://twitter.com/DrTedros/status/1226629008302931971

«Мұндай жағдай аз болғанымен, басқа елдерде вирустың таралуы біз болжағаннан да көп болуы мүмкін. Қысқасы, біз айсбергтің басына ғана көріп тұрмыз», – деп жазды ол.

ДДСҰ басшысы барлық елдерді 2019nCoV туралы барлық ақпаратпен бөлісуге және вируспен күрес жұмыстарын күшейтуге шақырды.

Factcheck.kz