Манипуляция | Қытайдағы коронавирус өршуінің себебі – жарқанат сорпасы

2019 жылы адамдар жарқанат сорпасын ішкеннен коронавирус өршіп кетті деген болжам бірнеше басылымдарда, соның ішінде Daily Star, The Sun және Infowars-да жарияланды, көптеген мақалалар жарияланғаннан кейін  бір күн ішінде Facebook-те тарап, талқыға түсті.

Осыдан кейін бұл ақпарат басқа тілдерде тарала бастады. Бұл тұжырымды біздің Health Feedback-тегі әріптестеріміз тексерді, ал біз жаңа ақпаратпен толықтырдық.

Үкім: Манипуляция

Иә, шын мәнінде, жарқанаттар – коронавирустың көптеген түрлерінің тасымалдаушылары, бірақ Қытайда пайда болған вирус жарқанаттардың етін тамақ ретінде пайдаланғаннан болғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Вирустың өршуі жарқанат сорпасын ішуден болды деуге негіз жоқ.

Уханьдағы теңіз өнімдері базарында жарқанаттарды сатқан, бірақ вирустың өршу себебі еттің басқа түрі, мысалы, жылан немесе цивет етінен болуы мүмкін. Вирустың жарқанаттардан пайда болғаны туралы тарап кеткен пікір ғылыми ақпараттың жетіспеушілігінің салдарынан болып отыр.

Duke-NUS медицина мектебінің вирусологы және доцент Даниэль Андерсон былай дейді: «Жарқанаттардан жасалған сорпа туралы жаңалықтар драма мен нақты ғылымның қосындысын көрсетіп отыр. Бұл, өкінішке орай, оқырман шындықты пайымдай алмайды деген пікір қалдырады»

Профессор Андерсон аурудың өршуі жарқанат сорпасынан туындаған деген тұжырымға келу үшін, әуеліде осы ауруды жұқтырған 41 науқастың көпшілігі сол сорпаны қайнатып ішуі керек еді деп түсіндірді. Дегенмен, бірде-бір жағдай оған сәйкес келмейді, ешқайсысы жарқанат сорпасын ішкеннен болды демеген және профессор Андерсон бұл сценарийдің пайда болу ықтималдығы аз екенін айтады.

  • Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) 2019 жылы коронавирустың таралуы асқа жарқанатты пайдаланумен байланысты болмағанын, олар жануарлардың көптеген түрлерін сатқан Уханьдағы теңіз өнімдері базарының әрекетімен байланысты деп хабарлайды. Алайда, The Lancet-тің жақында жасаған есебінде коронавирустық инфекциясы бар жарқанаттар мен теңіз өнімдері базары арасында ешқандай байланыс табылмағаны көрсетілген, бұл індеттің шығу себебі әлі белгісіз екенін білдіреді.
  • ДДСҰ сонымен қатар, жарқанаттан бөлек жануарлардың басқа да түрлері коронавирустың тасымалдаушысы болуы мүмкін және ол тамаққа пайдаланудан ғана емес, жануарлардан адамға басқа жолмен де жұғуы мүмкін деп хабарлайды. Мысалы, ауа арқылы. Сою кезінде ауру жұққан жануарлармен байланысқа түскен адамдар бірінші болып ауруға шалдығуы әбден мүмкін.
  • Қытайда жаңа сойылған жануарлардың етін тұтыну кең танылған, бұл жағынан алғанда Ухань базарлары танымал, себебі онда әртүрлі тірі жануарлар бар. Шектелген кеңістік пен гигиена сақталмаған мұндай базарлар жұқпалы аурулардың таралу орнына айналуы мүмкін.

Қорытындылай келе, 2019 жылғы коронавирустық індеттің басталуы әлі де зерттелу үстінде екенін атап өткен жөн, дегенмен алдын ала дәйектер ол Қытайдың Ухандағы балық пен ет базарынан болуы мүмкін деген болжам жасайды. Қазіргі уақытта аурудың өршуі жарқанаттардан жасалған сорпаны ішумен байланысты деген болжам мүлдем негізсіз.

Ғалымдардың пікірлері:

Жақында шыққан мақала жарқанаттар коронавирусы уханьдық коронавируспен генетикалық байланыста екенін анықтады. Осы арқылы  жарқанаттар ауыр респираторлық синдромның (ТОРС немесе SARS-CoV) табиғи қоздырғышы болуы мүмкін деп болжам жасаймыз. Бірақ бұл жарқанаттардан  адамға вирус тікелей беріледі дегенді білдірмейді.

 Линда Ван, Duke-NUS медицина мектебінің профессоры

Жарқанаттардан жасалған сорпа туралы жаңалықтар драма мен нақты ғылымның қоспасы, шындықтың пайымдау дұрыс емес деген пікір қалдырады. Жарқанаттар коронавирус тасымалдаушысы екені белгілі. Уханьдағы теңіз өнімдері базарында басқа да жануарлар болған, және солардың біреуі немесе бірнешеуі вирус қоздырғышы болуы мүмкін.

Даниэль Э. Андерсон, Duke-NUS медицина мектебінің доценті

Базарға жақын маңда жұқтырған адамдардың көптігіне байланысты бірнеше мүмкін сценарийлер бар:

  • Вирус сілекей, зәр, нәжіс сияқты элементтерден көрініс тауып отыр, бұл қоршаған кеңістіктің ластануына әкеп соқты;
  • инфекциялық аэрозольдар (мысалы, вирустың ауа тасымалдаушылары) жануарларды сою кезінде пайда болуы мүмкін.

Вирустың өршуін жарқанат сорпасымен байланыстыру үшін барлық науқас сол асты дайындап ішулері керек. Ас арқылы ауырды дегеннен гөрі, сауда орнында жарқанатпен байланысқаннан ауру жұқты деу ойға қонымдырақ.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz