Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?

Салдарынан 10 адам мерт болып, оншақтысы зардар шегіп, мыңдаған адам Қырғызстанға қашуға мәжбүр болған Қордай оқиғасы шетелдік әлеуметтік желілерде, әсіресе туиттерде фейк ақпараттың таралуына себеп болды.

Фейктердің айтуынша, Қазақстандағы бүлік, қытай мейрамханалары мен үйлерін өртеу елде коронавирустың таралып кетуінен қауіптенуден туындады.

Біз фейк таратқан аккаунттар туралы қолжетімді деректерді жинап, олардың қандай мақсатты көздегенін және шабуыл неден басталғанын анықтауға тырыстық.

Хронология

Жамбыл облысында тәртіпсіздік басталғаны туралы алғашқа видео 7 ақпан күні кешкі 9 шамасында пайда болды. 7 сағат өткеннен кейін, Алматы уақытымен таңғы 5 шамасында туиттерде де Қордайдағы бүліктің видеолары тарай бастады. Бірақ онда «қазақстандықтар коронавирустың таралуынан қауіптеніп қытай мейрамханалары мен үйлерін өртеп жатыр» делінген.

Union Metrics есептеуі бойынша, 9 ақпан, сенбі күнге қарай туиттер 205 мыңнан аса пайдаланушыны қамтыған.

Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?

Ең виралды видеолар 160 мың қаралым мен 1000 ретуит жинаған.

https://twitter.com/Conflits_FR/status/1225916162137038848

Ағылшын тіліндегі туиттермен бір уақытта француз, неміс, испан және қытай тілдерінде де посттар жарияланды.

Ақпаратты шынайы деп қабылдағандардың қатарында кейбір журналистер, блоггерлер және зерттеушілер бар.

9 ақпан, сенбі күні кешке Қазақстандағы бүлікке коронавирус себеп болғаны туралы ақпаратты Al Jazeera телеарнасы да берді:

Сонымен қатар, фейк YouTube, Periscope және Telegram арқылы тарап кетті.

Оңшыл радикалдар мен қытайлық боттар: фейк қандай аккаунттардан тарады?

Болжам бойынша, алғашқы фейк-жаңалығы бар туит @sotiridi туиттер-аккаунтында жарияланды. Аккаунт иесі Сотири Димпиноудис (Sotiri Dimpinoudis) өзін «Бельгияда туған, грек эмигранты. Тәуелсіз журналист-фрилансер» деп сипаттайды, дегенмен ол жазған бірде-бір мақаланы таппадық. Оның атын іздеу тек туиттер аккауынтына әкеледі. Оған кейбір анонимді БАҚ-тар, сонымен қатар, ресейлік БАҚ, оның ішінде «Российская Газета», «Известия», «Лента.ру», «Спутник» және де украиналық және қазақстандық басылымдар, мәселен Tengrinews.kz сілтеме жасаған.

Біз аккаунт иесіне жаңалықтың қайдан шыққанын айтуын сұрап сауал жолдадық, бірақ ешқандай жауап ала алмадық.

Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?
@sotiri туиті ең виралды болып шықты. Сілтеме арқылы туиттің аккаунттарының таралу сызбасын көре аласыздар.

Нидерландық Everybodywiki-де осындай атпен профиль бар. Ол жерде Сотири 2015 жылдан бері саясатқа қызыға бастаған геймер деп көрсетіледі. Ол оң көзқарас ұстанады, оның ішінде Еуропа Сириялық босқындарды кіргізбеуі керек деп есептейді.

https://twitter.com/Conflits_FR/status/1225916162137038848

Ары қарай фейктердің бір бөлігі Еуропалық оңшылдар, АҚШ, тіпті Үндістанда тарағанын анықтадық.

Periscope-тағы трансляцияны оңшыл радикаилзм мен Трампты насихаттайтын NewWorldofTheTime парақшасы жүргізген. Осы секілді фейктерді басқа тілдердегі Телеграм каналдары да таратып жатыр. Мәселен, өзін «азат Еуропа үшін жаңа саяси қозғалыс парақшасы» деп көрсеткен неміс тіліндегі @deutsch365 арнасы.

Басқа да мысалдар: 

https://twitter.com/JaredoTexas

Jack Dawkins  Telegram-каналы

Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?
https://twitter.com/Mummu_Ami/status/1225923909104656385

Periscope-тағы тікелей трансляция

https://twitter.com/deutsch365/status/1225925737577840640
https://twitter.com/Conflits_FR/status/1225916162137038848

Сонымен бірге, жаңалық антиқытайлық және оңшылрадикалдық көзқарастар насихатталатын бірнеше сайтта жарық көрді.

Екінші жағынан, фейктерді қытай туралы хабарлама жариялайтын аккаунттар таратты.

Туиттерге контент-анализ жасау арқылы Қазақстан туралы фейк-жаңалық анти-қытайлық расизмнің шектен шыққанын және Орталық Азияға АҚШ мемлекеттік хатшысы Майкл Помпеоның келуі қаншалықты әсер еткенін көрсету үшін пайдаланылғанын анықтадық. Біз фейктер арқылы бірегей контент жасайтын 100-ден аса аккаунтты жүктеп, автоматты түрде жасалған туиттерді  көрсететін Botometr сервисі арқылы тексердік. Тексеру нәтижесінде аккаунттардың, кем дегенде, үштен бірі бот екені анықталды.

Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?
Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?
(Бағалау 0-ден 5-ке дейін бес баллдық шкала бойынша жүргізіледі, ұпай неғұрлым көп болса – ықтималдық соғұрлым жоғары)
Боттар, оңшылдар және нейрожелілер | Қазақстанда коронавирус кесірінен өртенген қытай мейрамханалары туралы фейк қалай тарады?
Туитті генерациялау үшін ботты пайдалану үлгісі.

Фейк таратқан аккаунттардың үшінші сегменті – шынайы адамдар мен БАҚ, олардың ішінде зерттеушілер, ғалымдар мен халықаралық медиа да бар.

Қорытынды

Қазақстанда коронавирустан үрейленген тұрғындар қытайлық мейрамханалар мен үйлерді өртеп жатқаны туралы ақпаратты таратуға үш түрлі топ қатысқан: оңшыл радикалды еуропалықтар, проресейлік және фашистік топтар, қытай туралы аккаунттар. Олардың әрқайсысы фейкті өз пайдасына асырған, сонымен қатар бірқатар зерттеушілер мен БАҚ бар. Туиттердің 30%-ы нейрожелі арқылы генерацияланған, жартысына жуығын бот-аккаунттар жазған.

Фейктің таралуы әлі де жалғасып жатыр.

Асем Жапишева — журналист, медиатренер и гражданская активистка. В 2018 году окончила универстет Кардиффа по специальности MBA Media Management, с 2019 ведет независимые проекты, включая MUSA и «Тіл кеспек жоқ»

Factcheck.kz