Жалған | Al Jazeera: Коронавирустың кесірінен Қазақстанда қытай мейрамханаларын өртеді

Al Jazeera телеарнасында жарияланған коронавирус туралы сюжетте, Қазақстандағы соңғы оқиға аталмыш вирус және оны жұқтырғандармен тікелей байланысты делінген.

Сөзбе-сөз аударма: Қазақстанда коронавирус үрейі әсерінен этникалық хуэйлер* мен жергілікті қазақтар арасында төбелес болды. Хабарламаға сенсек, қытай мейрамханалары мен мекемелерін өртеп жіберген.

*Ескерту: хуэй — дүнгендердің қытайша атауы.

Үкім: Жалған

Қазақстандағы бұл жағдайдың коронавируспен еш байланысы жоқ.

Al Jazeera арнасы көрсеткен видео расымен де Жамбыл облысы, Масанчи ауылында болған оқиғаларға тиесілі. Жанжалға жергілікті дүнгендер мен қазақтар қатысқан. Ресми мәлімет бойынша оқиғаға тұрмыстық жағдай себеп болған және коронавирустың еш қатысы жоқ.

Ал Қазақстандағы Қытай мейрамханалары мен мекемелеріне келер болсақ, оларға ешкім тиіспеді. Масанчи ауылындағы халықтың басым көпшілігі – дүнгендер: олар қытай диалектісінде сөйлейді және дара этнос өкілдері. Сол себептен де Масанчидағы оқиғаны қытайлықтармен байланыстыру шындыққа сәйкес келмейді.

Журналист, фактчекер, фотограф. Автор factcheck.kz c 2017 года.

Factcheck.kz