Фейк | Қытай коронавирустан 20 миллиард доллар пайда тапты

Соңғы күндері мессенджерлерде «Си Цзиньпин АҚШ пен Еуро одақты тақырға отырғызып кетті» деген тақырыптағы материалдар пайда бола бастады. Осы текстес ақпаратты көптеген сайттар да таратып жатыр. Мысалы, «Спутник.Беларусь» сияқтылары тіпті бұл тақырыпқа аналитикалық хабарлар әзірлеуге уәде беріпті. Таралып жатқан ақпараттың мәтіні шамамен келесідей (қысқартып береміз):

… қазір өршіп тұрған коронавирусты пайдаланған Қытай мемлекеті 20 миллиард доллар пайда тауып, өз монополиясының 30% акциясын қайтарды. <…> Бұл туралы Faktxeber хабарлады. Басылымның болжамы бойынша, ҚХР ерекше экономикалық тактика пайдаланып, бірнеше күнде 20 миллиард доллардан астам пайда тапқан. Осыған қоса Қытай өз монополиясының 30%-ға жуық акциясы қайтарған. < …> Қытай билігінің мәліметі бойынша, бірнеше күнде 132 адамды өлтірген коронавирустың таралуынан пайда болған үрейдің әсерінен елде технологиялық компаниялардың (олардың бір бөлігі америкалық және еуропалық компанияларға тиесілі) акциялары құлдырай бастады. Осының салдарынан шетелдік акционерлер өз үлесін арзан бағаға сата бастады. Осы сәтті пайдаланып ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин ең ірі акция ұстаушылардан бір мезетте барлық акцияны сатып алуды тапсырған. Осылайша акциялар елге қайта оралған…

Таралып жатқан мәтіннің негізгі тезистері

Үкім: Фейк

Тіпті зомби-фейк деп айтса болады. 20 млрд деген сандары бар осы сияқты мәтін алғаш рет Faktxeber сайтында (істемейтін сілтемесі бар) 2014 жылы Қырымды аннексиялаудан кейін пайда болды. Сол кездегі мақалада Қытай мен компартия басшысы емес, Ресей мен Владимир Путин туралы айтылған еді. Ал Қытайдың қор нарығына келетін болсақ, ол 3 ақпанға дейін жабық және онда ешқандай келісім шарттар жүргізілмейді.

Фейк | Қытай коронавирустан 20 миллиард доллар пайда тапты

Мәтінді ойлап тапқан адамдар сілтеме жасаған Әзірбайжанның Faktxeber сайтына тоқталсақ, онда мұндай ақпарат мүлдем жоқ. БАҚ сайттарында көптеген жалған ақпарат тудырған фейк хабарлама қолдан жасалған. Тек Путинді Си-ға, РФ-ті ҚХР-ға, ал Қырымның аннексиясын коронавирустың өршуіне ауыстыра салған.

Фейк неге негізделген?

Соғыс пен эпидемия сияқты апат кезінде қор нарығы тұрақсыздана бастайды. Мұндай 2003 жылы Қытайда (атипті пневмония) да, «шошқа тұмауы» індеті барысында да, эбола ауруы өршіген кезінде де болды. Қор және валюта нарығы өзгеріп тұрады, бірқатар компаниялардың акциялары (мұнай сияқты) құлдырайды, оларды сатып алып, кейін эпидемия аяқталғаннан кезде (кері өсім байқалғанда) қайта сатып, пайда табуға болады. Қаңтар айының басынан бері Қытайдың кейбір ірі компанияларының акциялары, расымен, 3-10%-ға арзандады. Фейк осы жағдайға байланысты да таралып кетті. Алайда жалған ақпарат тарататын адамдар мұндайдан ақша таба алуы қиын.

Біз коронавирусқа байланысты шығып жатқан шынайы және жалған ақпаратты қадағалап отырамыз. Жаңарып отыратын материалды сілтеме бойынша оқуға болады.

Журналист, редактор. Филолог-славист. Соавтор и составитель ряда работ по журналистике и языку вражды. Работал журналистом и редактором в различных научно-популярных, развлекательных и общественно-политических изданиях Казахстана. Главный редактор проекта «Фактчек в Казахстане» с 2017 по 2022 год. Медиатренер, создатель образовательного проекта Factcheck.Academy

Factcheck.kz