Жалған | Қапшағайда екі адам коронавирус індетін жұқтырған

Қапшағайда коронавирусқа байланысты жалған ақпарат таратқан екі азаматтың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Екеуі де жедел-жәрдем қызметінің көлік жүргізушілері, бұл туралы Алматы облысының Полиция Департаментіне сілтеп, kazinform.kz сайты хабарлайды.

Жалған ақпарат 29 қаңтарда WhatsApp желісі арқылы тараған. Алматы облысы Полиция Департаментінің Facebook парақшасында екі адамның короновирус ауруын жұқтырғандығы туралы хабарламаның жалған екендігін жазылған.

Жалған ақпарат таратқаны үшін екі күдіктінің үстінен ҚР ҚК 274-бабы, 1-тармағына сәйкес іс қозғалды.

Сонымен қатар, бұл ақпараттың жалған екендігін Қапшағай қалалық ауруханасының басшысы Ракишева Айман да растады.

29 қаңтарда ҚР Бас санитары Ж.Бекшин коронавирусқа қатысты арнайы онлайн-трансляция өткізіп, негізгі сұрақтарға жауап берді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырған адам тіркелмеген.

Контекст

Коронавирус – вирустардың үлкен тұқымдасы, ол жануарлар арасында, оның ішінде түйе, мүйізді ірі қара мал, мысық пен жарқанаттарда кең таралған.

  • 2019-nCoV-вирусы қазіргі күнге дейін адамнан адамға берілмеген вирус түрі.
  • Коронавирустар  — құрамына 38 вирус түрі енетін тұқымдас, олардың алтауы ғана (жаңа вирусты қосқанда жетеуі) адамға зиян келтіреді.
  • Зерттеушілердің айтуынша, вирус адамдарға жануарлардан жұққан, бірақ адамнан адамға беріле алады.
  • Алғашқы белгілері: температураның көтерілуі, жөтел, тыныс алудың қиындауы.
  • Адамдарға жануарларға жақындамауға, шикі ет пен жұмыртқадан аулақ болуға, сонымен қатар суық тию немесе тұмау белгілері бар адамдардан алыс жүруге кеңес береді.

Соңғы мәлімет бойынша (29 қаңтар) коронавирус ауруын жұқтырған адамдардың саны – 7 783-ке жетті. Оның ішінде қайтыс болған адамдардың саны – 170.

Жаңарған мәліметті мына сілтемеден қарап отыруға болады.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz