Апталық шолу: COVID-19, бейүкіметтік ұйымдардың Тоқаевқа ұсынысы, құс еті қымбаттады ма?

Осы аптада Factcheck.kz Қазақстан мен өзге елдегі және әлеуметтік желідегі тараған ақпараттарды тексерді. Сонымен бірге, әлемде не болып жатқанын жазды. Жарияланған материалдарды бірге шолып шығайық.

COVID-19 Қытайда екі ай бұрын пайда болып, билік оны жасырғаны рас па?

2021 жыл басында ДДСҰ делегациясы COVID-19 таралу көзін анықтау үшін Қытайға барды. Ғалымдар вирус анықталған уақыттан бұрын болған-болмағанын білуді жоспарлады. Бұл үшін олар пандемия басталғанға дейін жиналған медицина үлгілерін зерттемекші болды. Уханьдағы зерттеулерден 4 апта өткен соң ұйым эксперттері алғашқы нәтижелерді жариялады. Олар коронавирус ресми түрде расталғаннан 2 ай бұрын пайда болуы мүмкін екенін айтты. Олар 2019 жылдың 8 желтоқсанында коронавирус штамы бар бірінші пациент анықталғанға дейін орталық Қытайда 90-нан астам адам коронавирус белгілерімен ауруханаға түскенін жоққа шығармады.

ДДСҰ мамандары коронавирус Қытай билігі айтқаннан 2 ай бұрын болуы мүмкін деп нақты айтқан жоқ және Қытай деректерді жасырды демеді. 2019 жылдың күзінде вирусты алғаш жұқтырғандар туралы болжам қарама-қайшы қан анализінің нәтижесі мен 2019 жылдың желтоқсанына дейін жасалған қытайлық эксперттердің медицина жазбаларына негізделген. Ұйым мамандары зерттеулердің жеткіліксіздігіне байланысты олардың нұсқасы туралы нақты дәлел әзірше жоқ екенін айтты. Оған қоса, олар коронавирус Қытайда пайда болмаған болуы мүмкін екенін болжады. Дегенмен бірқатар БАҚ айқайлаған тақырып үшін контекстіден кей сөзді үзіп алып, аудиторияны адастырды. Ал үкімі кликбейт және манипуляция

Елімізде құс еті қымбаттағаны рас па?

12 ақпанда Сұлтан Дүйсембинов бастаған бір топ сенат депутаты ҚР премьер-министрі А.Маминге депутаттық сауал жолдады. Сауал мазмұнында елдегі құс етінің бағасы өскенін әрі оған себеп еттің Ресей мен Беларусьтен импортталатыны жазылған. Сенатор отандық тауар өндірушілерді әділетсіз бәсекеден қорғау үшін тағам өнімдері импортына қойылатын талаптардың орындалуы бойынша мемлекеттік бақылауды күшейту, мүдделі органдарға құс етінің импортына қатысты тарифтік квоталарды 50 пайызға дейін азайту қажет дейді. Тексеріп көрейік.

Тіпті кейбір отандық құс фабрикалары жабылудың алдында тұр, есесіне елімізге құс етінің негізгі бөлігі Ресей мен Беларусь елінен келуде.

Сұлтан Дүйсембинов, сенат депутаты

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігің редакциямызға жіберген жауабы бойынша, елімізге құс етінің негізі бөлігі АҚШ, Ресей, Украина мен Беларусь елдерінен келеді. Нақтырақ айтсақ, 2020 жылдың алғашқы 11 айы бойынша құс етінің импорты 155, 6 мың тонна болған. Үкімі манипуляция.

Қысымға ұшыраған бейүкіметтік ұйымдар Тоқаевқа ұсыныс жолдады

2020 жылдың қараша-желтоқсан айында қысымға ұшыраған бейүкіметтік ұйымдар Тоқаевтан салық кодексіне қатысты нормаларды қайта қарауды сұрады. Бұл туралы Құқықтық медиа орталығының сайтында жариялады.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! Кейінгі айларда бірқатар қазақстандық құқық қорғаушы ұйымдар қазынашылық органдар тарапынан жаппай қысымға ілікті. Кей ҮЕҰ-ға үлкен көлемде айыппұл салынса, кейбірінің қызметі үш айға тоқтатылды. Оларға шетелдік қаржыландыру есебін нақты емес немесе уақытылы хабарламай, салық заңнамасын бұзды деген айып тағылды. Айта кеткен жөн, айтылған «бұзушылық» салдарынан бюджетке ешқандай шығын келген жоқ және ешкімге зардабы тиген жоқ. Оған қоса, бұл есептіліктің қайталануы, яғни ҮЕҰ мемлекеттік органдарға түскен кез келген қаражат туралы, оның ішінде шетелдік қаржы көздері туралы да ақпаратты айтуы керек.

Бұл жағдай қоғам мен БАҚ-та дау тудырғаннан кейін қазақстандық және халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық өкілдіктер жоғарыда айтылған ҮЕҰ-ға қолдау көрсетті. Олар азаматтық қоғам өкілдеріне қатысты репрессияны сынап, санкцияны тоқтатып, заңнаманы халықаралық стандарттарға жетілдіруге және сәйкестендіруге шақырды. ҮЕҰ-ға қатысты санкция тоқтатылғанына қарамастан, біз, қазіргі заңнамаға алаңдап отырмыз. Мұндай қудалауға саяси уәж, жоғарыдағы ҮЕҰ-дың белсенді азаматтық ұстанымы мен сайлауалды кезең себеп болғанына сенімдіміз. Бұлай ойлауымызға іс кезіндегі көптеген тәртіп бұзушылық пен тексеруші органдардың теріс түсінігі себеп болды.

Бұл жағдай Қазақстандағы азаматтық сектордың қызметі қаншалықты әлсіз екенін көрсетті. Қазіргі заңнама қоғам мен мемлекетке ешқандай қауіп төндірмейтін жалған бұзушылықтар үшін ҮЕҰ-дың жұмысына тұсау сала алады. 2019 жылғы Қазақстан халқына жолдауыңызда Сіз «елді дамыту негіздерінің бірі – азаматтық қоғамды дамыту» деп айтқан едіңіз. Осыған байланысты 2025 жылға дейін Азаматтық қоғамды дамыту концепциясы жасалды, оны ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жүзеге асырып жатыр. Концепцияның негізгі бағыттарының бірі ҮЕҰ мен басқа да азаматтық қоғам институттарына қолайлы заңнама жасау болуы керек еді. Мықты азаматтық қоғам – озық, транспарентті, демократиялық, жемқорлықтан ада мемлекетті дамытудың ажырамас бөлігі. ҮЕҰ-дың негізсіз қысымы Қазақстанның беделіне түзелмейтін нұқсан келтіріп, еліміздің халықаралық міндеттеріне қайшы келеді, Қазақстанның маңызды халықаралық бастамаларға қосылуына кедергі келтіреді (мәселен, Open Government Partnership). Сондай-ақ, қазіргі заңнама Қазақстанның беделін түсіреді, себебі, үкімет азаматтық қоғамды дамыту керектігін декларациялайды да, іс жүзінде қарама-қайшы әрекет етеді. Азаматтық сектор ұйымдары қолданыстағы заңнама қайта қаралуы және өзгертілуі тиіс деп санайды, өйткені бейүкіметтік ұйымдар қызметін реттейтін нормалар тым артық, объективті түрде мүлдем сай келмейтін жазаларды қамтиды. Біз болашақта шетел қаржыландыратын белгілі бір ҮЕҰ-ды жазалау мақсатында заңнама тағы да пайдаланыла ма деп қауіптеніп отырмыз.

Сізді шетелдік қаржыландыруға (ӘҚБтК және Салық кодексі) қатысты нормаларды толығымен қайта қарап, оларды қазіргі заңнамадан алып тастауға шақырамыз. Сондай-ақ біз осы секілді басқа да заң нормалары азаматтық қоғамға саяси қысым көрсету үшін пайдаланылмағанын қалаймыз.

Facebook, Google және Twitter басшылары фейкпен күрес туралы АҚШ Конгресіне есеп береді

Facebook, Google және Twitter басшылары АҚШ Энергетика және cауда комитетінде желідегі жалған ақпарат жайлы есеп береді. Бұл туралы The Hill сайты хабарлады.

25 наурызда онлайн тыңдауға Facebook басшысы Марк Цукерберг, Twitter басшысы Джэк Дорси және Google компаниясының басшысы Сундар Пичаи қатысады. Олардың баяндамалары АҚШ заң шығарушы органына коронавирус туралы жалған ақпаратпен күресу, сондай-ақ жақында өткен президент сайлауының нәтижесі жайлы жалған ақпаратпен күресу үшін технологиялық алыптар қабылдаған шараларды зерттеу аясында тыңдалады.

«Тым ұзақ уақыт бойы ірі технологиялық компаниялар өздерінің интернеттегі аудиториясына жалған ақпарат таратудағы рөлдерін мойындамады», – делінген конгрессмендердің бірлескен мәлімдемесінде.

Бұған дейін 15 ақпанда Марк Цукерберг Мюнхеннің 56-шы қауіпсіздік конференциясында мәлімдеме жасады. Ол Facebook корпорациясының жыл сайын әлеуметтік желідегі мазмұн қауіпсіздігін тексеруге миллиардтаға

Басқа қандай материал жарияладық

  • Қазақстанда балалар мен жасөспірімдерге арналған қанша спорт-клуб бар?
  • 17 ақпанда Қазақстан парламентіндегі партиялар бюджеттен қанша ақша алып жатқанын секунд сайын есептейтін сайт ашылды. Атауы — parasites.kz.
  • Сот Боқаевқа қаладан рұқсатсыз шығуға, алаңда мәселе талқылауға тыйым салды.
  • Google қонақ үйлердің рейтингін бұрмалағаны үшін Францияға 1,1 миллион еуро айыппұл төлейді
  • Венгрия үкіметін жиі сынаған Klubradio радиостанциясын лицензиясынан айырды
  • Аустралияда Facebook желісінен БАҚ материалдары жойылды
  • Беларусьте митингтен хабар таратқан журналистерді екі жылға қамауға алды

Біздің әлеуметтік желідегі инстаграм, телеграм және фэйсбук парақшамызға жазылуды ұмытпаңыз. Егер Қазақстанның және басқа да медиада жарияланған материалға күмән келтірсеңіз, редакциямызға хабарлассаңыз болады. Шындыққа әркімнің-ақ бар таласы.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz