Фольгаға пісірілген тағам денсаулыққа зиян ба?

Бірқатар медиа фольгаға пісірілген тағамдардың адам денсаулығына зиян екенін жазған (1,2,3,4,5). Yotube-қа арнап видео түсіретін блогерлер де осы мәлімдемені айтқан. “Проверено” басылымы ақпаратты тексеріп көрді.

Фольга – өте жұқа жаймаға оралған алюминий. Алюминий – жер бетіндегі үшінші химиялық элемент және ең көп тараған металл. Ол суда және пісірілмеген тағамдарда аз мөлшерде кездеседі. Әдетте 5 мг/кг аспайды. Бірақ кейбір тағамда, мысалы, шай жапырақтарында оның концентрациясы әлдеқайда жоғары болуы мүмкін. Бұл металдың ең көп мөлшері жарма және астық өнімдерінде (нан, бәліш және басқа да нан өнімдері), көкөністерде (шпинат, шалғам және салат), саңырауқұлақтар мен сусындарда (шай және какао) бар. Яғни, алюминийдің денеге түсуін толығымен болдырмау мүмкін емес. Бұл соншалық қорқынышты жағдай емес, өйткені ол аз мөлшерде адам ағзасына қауіп төндірмейді. Керісінше, аз мөлшердегі алюминий адам ағзасына қажет және маңызды рөл атқарады. Алайда көп мөлшердегі алюминий адамға зиянын тигізуі мүмкін. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшыларының айтуынша, дені сау адам аптасына 1 кг салмаққа 2 мг-ға дейін алюминий тұтынуына болады. Еуропалық азық-түлік қауіпсіздігі органы (EFSA) қауіпсіз доза 1 кг салмаққа 1 мг алюминий дейді. Бірнеше еуропалық елде жүргізілген зерттеулер бойынша, адамдар бұл шекті үнемі сақтай бермейді. Мәселен, ересектер аптасына 1 кг дене салмағына орта есеппен 0,2-ден 1,5 мг-ға дейін, ал балалар мен жасөспірімдер 1 кг-ға 0,7-ден 2,3 мг-ға дейін қабылдайды. АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) америкалдық тәулігіне шамамен 7-9 мг алюминий жейді дейді. Десе де бұл – қауіпсіз мөлшер.

Еуропалық алюминий фольга қауымдастығы фольга құрамында қышқыл немесе тұз көп тағамдарға (мысалы, жемістер немесе сірке суы бар маринадталған ет) түсуі мүмкін алюминий бөлшектерін бөлетінін ескертеді. 2019 жылы Чехиядан келген бір топ ғалым зерттеу жүргізді: олар ет, балық, көкөніс, ірімшік және басқа да өнімдердің әртүрлі түрлерін алып, оларды жаңа піскен күйде және бес түрлі өндірушінің фольгасына маринадтап, пісірді. Термиялық өңдеу кезінде алюминийдің белгілі бір мөлшері іс жүзінде тағамға, ал әлдеқайда көп дәрежеде бұрын маринадталған (сондықтан құрамында қышқылдар мен тұз көп) өнімдерге өткен. Пісіргеннен кейін тағамды фольгада сақтаған кезде тағамда алюминий жинала берді. Дегенмен ғалымдар олар жазып алған дозалар денсаулыққа зиян келтірмейді деген қорытындыға келді, бірақ олардың нәтижелерін растау үшін қосымша зерттеулер қажет екенін мойындады.

Қорытындыласақ, фольгада пісірілген тағам алюминийдің бір бөлігін өзіне «сіңіруі» мүмкін – бұл әртүрлі елдердің ғалымдары жүргізген бірқатар зерттеуі арқылы расталады. Дегенмен бұл металл көптеген тағамда және тіпті суда кездеседі – қауіпсіз дозада тұтынылған кезде адамға қауіп төнбейді. Бірақ әртүрлі елдің реттеуші органдары қандай дозаны зиянсыз деп санауға болатыны туралы ортақ шешімге әлі келген жоқ.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz