Интеллект бойынша жасанды интеллект адамдарды озып кетті – зерттеу

Стэнфорд университетінің жасанды интеллект институты (HAI) жасанды интеллект индексінің жетінші жыл сайынғы есебін шығарды. Онда жасанды интеллектінің қарқынды дамып жатқаны және күнделікті өмірімізге қалай әсер етіп жатқаны айтылған. Бұл туралы SecurityLab жазады.

Есепте өзекті мәселенің басым бөлігі — жасанды интеллектіні белсенді түрде жұмысында қолданып жатқандардан бастап, жұмысынан айырылып қалатынына алаңдайтындарға дейін жазылған. Дегенмен ең керемет нәтижелердің бірі күрделі мәселелерді шешуде адам мен машина қабілеттерінің арасындағы алшақтықты қысқарту болды.

Интеллект бойынша жасанды интеллект адамдарды озып кетті - зерттеу

Графикте әртүрлі түсті сызықтар белгілі бір аймақтардағы жасанды интеллект қабілеттерінің деңгейін көрсетілген. Нүктелі сызық адам үшін орташа көрсеткіш саналады. Деректер ескірген эталондарды қолданып, жасалған болуы мүмкін, десе де жалпы тенденция өте айқын. Жасанды интеллектінің даму траекториялары, әсіресе кейінгі сынақтардың нәтижесі сарапшыларды таңғалдырады. Машиналар енді ғана саяхатқа шыққан виртуал сәбилер сияқты екенін есте ұстаған жөн.

Мысалы, 2015 жылға қарай ЖИ кескіндерді жіктеуде адамдардан асып түсті. Одан кейін 2017 жылы мәтінді бізден жақсы түсіне бастады, 2020 жылы көрнекі ойды қорыта бастады, 2021 жылы табиғи тілге негізделген логикалық қорытынды жасай алды.

2023 жылы жасанды интеллектінің қиын тапсырмаларды орындауына қатысты проблемалар болды. Десе де “қиын” деген терминді қолданған да дұрыс емес, себебі шын мәнінде ол ерекше нәтиже көрсетті.

Кейінгі екі жылда математикалық есептерді шешуде үлкен серпіліс болды. 2021 жылы алгоритмдер 12 500 олимпиада мысалдарынан тұратын MATH жинағының тек 6,9%-ін ғана шешкен болса, 2023 жылы GPT-4 негізіндегі модель олардың 84,3%-ін шешіп қойған. Адамдар оның 90%-ін шешеді.

Есепте жалпы жасанды интеллектінің қарқынды дамып жатқаны, оның ешқайда жоқ болып кетпейтіні және адам мен жасанды интеллект арасындағы алшақтықтың жойылып бара жатқаны баяндалған.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz