АҚШ-та оқушылар ЖИ арқылы сыныптастырының жалаңаш фотосын жасағаны үшін ұсталды

АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами қаласындағы орта мектептің екі оқушысы “жасанды интеллект арқылы сыныптастарының жалаңаш суреттерін жасап, таратты” деген күдікке ілініп, қамауға алынды. Бұл туралы полицияның есебіне сілтеме жасап Wired хабарлады.

Басылымның хабарлауынша, АҚШ-та бірінші рет жасанды интеллект арқылы жалаңаш суреттерді жасап, таратқанына байланысты күдіктілер ұсталып отыр. Штаттың заңы бойынша, ұсталған ұлдарға көлік ұрлаумен бірдей дәрежедегі айып тағылды. Адамның келісімінсіз оның жыныстық бейнесін жасауға қатысты заңның өзі 2022 жылы қабылданған.

Бір қызығы, АҚШ-та бұған дейін де мұндай жағдай болған. Уашиңтон, Нью-Джерси және Калифорниядағы орта мектепте оқитын жасөспірімдер сыныптастарының жалаңаш фотосын интеллект арқылы жасап, таратып жіберген. Алайда ол кезде полицияға хабарласа да, күдіктілердің тұтқындалғаны туралы айтылмады.

Флоридадағы іс туралы ақпарат құралдарында алғаш 2023 жылғы желтоқсанда пайда болды. Содан кейін екі ұлдың да Майамидегі Pinecrest Cove академиясындағы сабақтан 10 күнге шеттетілгені белгілі болды. Кейбір жәбірленушінің ата-анасы оқиға туралы білгеннен кейін ұлдарды оқудан шығаруға шақыра бастады.

Кейбір заңгер ұсталған жасөспірімдер жасына байланысты қатаң жазадан құтылуы мүмкін екенін айтады.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz