200-ден астам музыкант ЖИ-ға қатысты үндеу жолдады

Музыка индустриясының 200-ден астам өкілі жасанды интеллектіне қатысты наразылығын үндеу хатында жазды. Олар хатын музыканттардың құқығын қорғайтын Artist Rights Alliance коммерциялық емес ұйымның сайтында жариялады. Үндеуге қол қойғандардың қатарында Джон Бон Джови, Pearl Jam, Стиви Уандер, Imagine Dragons, Jonas Brothers, Мак Демарко, Кэти Перри, Ники Минаж, Сэм Смит, Билли Айлиш және оның бауыры Финнеас бар. Бұл туралы SecurityLab хабарлады.

Музыканттар жасанды интеллект технологиясының қабілетін, оның шабыт беретін, жаңа музыка туындысын шығаруға көмектесетін құрал бола алатынын мойындайды. Бірақ олар кейбір адамның нейрожеліні бұрыс мақсатта қолданып, орындаушылардың, авторлардың құқығын бұзып, беделіне нұқсан келтіріп жатқанына алаңдайды. Үндеуде “жауапсыздар” жасанды интеллект арқылы музыканттардың жеке өміріне, музыкасына, табысына қауіп төндіріп жатқанын айтады.

Олар мысал ретінде компаниялардың алгоритмге әртістердің музыкасын рұқсатсыз қолданып жатқанын айтады. Мұндай құралдар авторлардың гонорарына ықпал етеді.

Axios ақпараты бойынша, Artist Rights Alliance атқарушы директоры Ян Якобсеннің айтуынша, бұл заң жүзінде қатаң бақылауды талап ететін мәселе емес. Дегенмен музыка индустриясындағылар технология компанияларынан заңсыз тәжірибе жасауды доғаруды, музыка сапасы үшін бірігіп жұмыс істеуді сұрап отыр.

Журналист, медиакритик, фотограф. Работал на ТВ (телеканалы «Алматы», Astana, КТК, 7 канал), в печатных и мультимедийных интернет-изданиях, сотрудничал с проектом «Радиоточка» до его закрытия в 2017 году, занимался медиакритикой в издании «Новый репортёр».

Factcheck.kz